«Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі «Қазақстан Республикасындағы қант диабетінің ауыртпалығы» атты ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады

«Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі «Қазақстан Республикасындағы қант диабетінің ауыртпалығы»  атты ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады


15.06.2021 Барлық жаңалықтар


11.06.2021 ж. Дүниежүзілік қант диабеті күні қарсаңында Алматы қаласында «Қазақстан Республикасындағы қант диабетінің ауыртпалығы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға м.ғ.д., профессор, Республикалық медициналық палатаның президенті, 2000-2004 және 2015-2018 жылдары ДДҰ атқарушы комитетінің мүшесі М.К. Құлжанов; MD, PhD, MPH, қауымдастырылған профессор – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Денсаулық институтының директоры К.К. Давлетов; м. ғ. д., профессор, «Назарбаев Университеті» Өмір туралы ғылымдар орталығының жетекші ғылыми қызметкері А.Е. Гуляев; м.ғ.к., Алматы қаласының штаттан тыс бас эндокринологы, «ААА» медициналық клиникасының бас дәрігері, Қазақстандық қант диабетін зерттеу қоғамының (KSSD) Президенті, Қант диабетін зерттеу жөніндегі Азия қауымдастығының (AASD) мүшесі Ж.А. Ақанов; Ph.D. «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі А.К. Мұқашева сияқты түрлі салалардың ғалымдары мен мамандары қатысты.

А.К. Мұқашева «Қазақстан Республикасындағы қант диабетінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау үшін компьютерлік үлгілеу және болжаудың статистикалық әдістері» тақырыбында баяндама жасады.

Қант диабетін зерттеу жөніндегі қазақстандық қоғаммен (KSSD) және Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасы үшін қант диабетінің ауыртпалығы» жобасы шеңберінде қант диабеті бойынша барлық қолжетімді ресми және ғылыми деректер зерделенді, онда пациенттердің санын болжау, IT технологиялардың көмегімен эпидемиологиялық жағдайды көрсету үшін қолда бар медициналық датасеттерден деректер алу міндеті қойылды.

Жоба аясында А.К. Мұқашеваның жетекшілігімен университет студенттері медициналық деректерді статистикалық өңдеу және көрсету үшін экожүйе әзірледі, нәтижелері конференцияда баяндалды.

Конференция көрсетілімінің жазбасы (көру үшін тіркелу қажет)

ENERGO UNIVERSITY