2021 жылдың 2 шілдесінде Google Meet платформасында "Covid-19 пандемиясы жағдайында қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

2021 жылдың 2 шілдесінде Google Meet платформасында


01.07.2021 Барлық жаңалықтар


«Covid-19 пандемиясы жағдайында қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қазір елдегі және әлемдегі жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін және қандай да бір режимде қалай әрекет ету керектігін түсіну өте маңызды. Пандемияның пайда болуымен барлық адамдар үшін бірқатар жаңа мәселелер туындады. Жұмыс берушілер үшін бұл – жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмей, ұйымдағы еңбектің тиімділігін қалай сақтау керек болса,  жұмыскерлер үшін бұл –  пандемия жағдайында өздерінің жұмыс қабілеттілігі мен жұмыс орнын қалай сақтау керек  екендігі болып тұр. Сонымен қатар, кірісті қалай жоғалтпау керек және әркім үшін басты мәселе – өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын қалай сақтау керек. Бүкіл әлем «Қашан, Қашан біз бұрынғы өмірімізге орала аламыз?» деген сұраққа жауап күтуде. Семинарда бір жыл ішінде адамдар пандемия жағдайында жаңа өмірге қалай бейімделгені және өмірдің бұрынғы ырғағына оралу үшін не істеу керектігі айтылады.

2021 жылғы 02 шілде 15:00-17:00

Бейнекездесу сілтемесі

Байланыс телефоны: 87002602324  «Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі»  кафедрасының меңгерушісі Асель Абикенова

Құрметпен, АЭжБУ Жылу энергетика және басқару жүйелері институты, «ИЭЕҚ» кафедрасы

ENERGO UNIVERSITY