Күндізгі бөлімде оқитын студенттерге МӘМС мәртебесін алу үшін е-gov-та тіркелуден өту қажет

Күндізгі бөлімде оқитын студенттерге МӘМС мәртебесін алу үшін е-gov-та тіркелуден өту қажет


01.07.2021 Барлық жаңалықтар


Мемлекеттік органдар ВАК-тың МӘМС енгізу жөніндегі отырысы барысында күндізгі бөлім студенттерінің мәртебесінің болмауы және оқудың өткен кезеңі үшін берешектердің туындауы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Отырыста хабарланғандай, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жеңілдік санатына жататынын растайтын құжаттармен, оның ішінде мемлекеттік органдармен салыстыру арқылы жүгінген кезде бір айға уақытша жеңілдік мәртебесін беру бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылы «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде олар туралы мәліметтердің болмауына байланысты күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын 860 студентке Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы бойынша бір ай мерзімге уақытша жеңілдікті мәртебе берілді.

Шетелдік оқу орындарында оқитын студенттерге МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру үшін Қор ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Елшіліктерінің ресми сайттарында электрондық үкімет порталы арқылы студент ретінде тіркелу қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру сипатындағы хабарламаны орналастыру мәселесін пысықтады.

Сонымен қатар, қорға «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» сервисі бойынша «Электрондық үкімет» порталына жіберілген шетелде оқитын студенттердің өтінімдерін БҒМ уақтылы өңдемегені туралы шағыммен және растайтын құжаттармен өтініштер келіп түсуде.

Осыған байланысты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ақпараттық жүйеде деректерді уақтылы өзектендіру туралы хаттар жіберілді.

Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуына байланысты МӘМС жарналарын мемлекет жүзеге асыратын тұлғалардың жеңілдікті санатынан он сегіз жасқа толған тұлғалардың түсу тәуекелі байқалады. Мысалы, 18 жасқа толған, бірақ әлі де оқуын жалғастыратын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылар санатынан шығады, - делінген отырыста.

Білім алушыларды МӘМС жүйесімен қамтуды қамтамасыз ету үшін ҚР Білім және ғылым министрлігіне студенттер, оның ішінде шетелде оқитындар және 18 жасқа толған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары бойынша деректерді уақтылы енгізуді, өзектендіруді және online режимде беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, мүдделі құрылымдармен бірлесіп, келесілерді жүзеге асыру қажет:

ZAKON.KZ  материалдары бойынша / / Күндізгі бөлімде оқитын студенттерге МӘМС мәртебесін алу үшін е-gov-та тіркелуден өту қажет / / Авторы: ZAKON.KZ - 2021-маусым 29.

ENERGO UNIVERSITY