Алматы энергетика және байланыс университетінің Жылу энергетика және жылу техника институты Сіздерді жазғы мектепте оқуға шақырады.
«Жас энергетик» жазғы мектебі келесі бағыттар бойынша білім береді:
- • Баламалы энергия көздері;
- • Жылу энергетикадағы заманауи технологиялар..
Жазғы мектептегі сабақтарды Қазақстанның жетекші мамандары мен энергетиктері бір немесе екі апта бойы өткізеді.
«Жас энергетик» жазғы мектебінің бағдарламасы
Баламалы энергия көздері:
- • Қазіргі энергетика мәселелері. Баламалы энергия көздеріне көшу перспективалары (2 сағат)
- • Жел энергиясы (2 сағат)
- • Күн энергиясы (2 сағат)
- • Сутегі энергиясы (2 сағат)
- • Ядролық энергетика. Басқарылатын термоядролық синтез (2 сағат)
- • Геотермалдық энергия (2 сағат)
- • Гидротермалдық энергия (2 сағат)
- • Баламалы гидроэнергетика (2 сағат)
- • Биомасса және биоэнергетика (2 сағат)
- • Баламалы энергетика мәселелері бойынша дөңгелек үстел (2 сағат)
Мектеп тыңдаушыларына Алматы қаласының орталығындағы «Есентай молл» іскерлік орталығының жанында орналасқан университет жатақханасында тұру ұсынылады. Жазғы мектептің әртүрлі бағыттарынан зерттелетін модульдерді таңдау мүмкіндігі үлкен артықшылық болып табылады. Тыңдаушылар АЭжБУ кітапханасын, компьютерлік орталықты, спорт залдарын және алаңдарды пайдалана алады. Қарқынды оқытудан басқа, АЭжБУ «Жас энергетик» ЖМ студенттерге «Көк-Төбе», «Медеу», «Шымбұлақ» тарихи-мәдени және «АлЭС» кәсіби экскурсиялары және т.б. ұйымдастырады, барлық курстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі және тыңдаушылардан дәрістер мен оқу мәтіндерін қабылдау дағдыларын талап етеді.
Жылу энергетикасындағы заманауи технологиялар:
- • Заманауи Жылу энергетика (2 сағат)
- • Органикалық отынмен жұмыс істейтін заманауи ЖЭС құрылғысы және оның жұмыс істеуі (2 сағат)
- • Заманауи ЖЭО құрылғысы және оның жұмыс істеуі (2 сағат)
- • Заманауи бу турбиналарының құрылғысы (2 сағат)
- • Заманауи қазандық агрегаттарының құрылысы (2 сағат)
- • Заманауи стационарлық газтурбиналық қондырғылардың құрылысы (2 сағат)
- • Электр станцияларының бу-газ қондырғылары (2 сағат)
- • Кәдеге жаратушы қазандар (2 сағат)
- • Қазандық қондырғылары мен ГТҚ жану камераларына арналған отын жағатын құрылғылар (2 сағат)
- • «Дәстүрлі жылу энергетика бүгін және ертең» мәселесі бойынша дөңгелек үстел (2 сағат).
Қатысу құны - 14 000 тг (басқа қалалықтарға - 37 000 тг)
+7 778 485 08 38 / +7 771 852 16 74 / +7 (727) 292 53 54
gulliverik@mail.ru - Бергенжанова Гулим Рысказыевна