4S07140201-Техник-электроншы 07140200- Өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша)




Квалификация: 4S07140201-Техник-электроншы


Форма обучения:

-күндізгі

 


Оқу ұзақтығы:

Күндізгі: 

-3 ж. 10 ай (9 сыныптан кейін) 

-2 ж. 10 ай (11 сыныптан кейін)

 


Общепрофессиональные и специальные дисциплины

-автоматика және электротехника негіздері;

-өнеркәсіптік жабдықтың жұмыс принциптері;

-аспаптар мен автоматты құрылғылар;

-электроника және микроэлектроника негіздері;

-алгоритмизация және бағдарламалау;

-автоматтандыру мәселелерін шешу үшін қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етудің мүмкіндіктері. 


Деятельность

Оқу пәндерінің мазмұны 1302000-"Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша колледж түлектері автоматтандыру және басқару, компьютерлік техника, ақпараттық технологиялар және IT-технологиялар саласында "КEGOC", "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг", "Қазақмыс" сияқты білім қажет ететін кез келген қызмет саласында табысты еңбек ете алатындай етіп жасалған.

 


Дополнительная информация

Оның құзырет саласы:

-электр- және радиоөлшеу жүргізу;

-электр техникалық құрылғыларды пайдалану және олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру;

-жабдықты бағдарламалау және аппараттық басқаруды іске асыру;

-заманауи бағдарламалық өнімдермен және ақпараттық жүйелермен жұмыс;

-автоматты және автоматтандырылған жүйелерді орнату, монтаждау, пайдалану және оңтайландыру.

Материалдық-техникалық база. 6 оқу зертханасы:

-өлшеу және басқару жүйелері;

-ақпаратты өңдеу;

-микропроцессорлық техника;

-автоматтандырылған жүйелерді әзірлеудің бағдарламалық құралдары;

-жаңа ақпараттық технологиялар;

-объектілерді автоматтандыру.

Лицензияланған арнайы бағдарламалары бар және internet желісіне шығатын 30-дан астам зертханалық стендтер мен 70 оқу компьютерлері; әлемге әйгілі SIEMENS, ABB, HONEYWELL, MOELLER шетелдік өндірушілерінің автоматика құрылғылары мен элементтері.

Заманауи бағдарламалық өнімдер:

-ақпаратты жинау және өңдеу;

-деректер қорын құру;

-автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеу, модельдеу және зерттеу.