Ректор

БОЛОТОВ АЛЬБЕРТ ВАСИЛЬЕВИЧ (1975-1985)


Алматы Энергетикалық институтының алғашқы ректоры - техника ғылымдарының докторы, профессор Альберт Васильевич Болотов, институтты он жыл басқарды. 

1957 жылы-Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген, инженер-электрик.

1957-1959 жылдары-Алматы-Атаэнерго Озерной СЭС-1 кезекші инженері,

 1959-1960 жылдары-Алтай тау-кен металлургия ҒЗИ (Өскемен) кіші ғылыми қызметкері.

1960-1975 жылдары-Қазақ политехникалық институтының аға инженері, Проблемалық зертхананың бас инженері, «Плазмалық үдерістер» зертханасының меңгерушісі (аға ғылыми қызметкер).

1964 жылы кандидаттық диссертация қорғады, 1965 жылы «Электр физика» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер атағына бекітілді (Қазақстан үшін жаңа).

1971 жылы «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» кафедрасының меңгерушісі және «Плазмалық үдерістер» зертханасының меңгерушісі, 1973 жылдан бастап Энергетика факультетінің деканы болып сайланды.

1975-1985 жылдары - Алматы энергетикалық институтының бірінші ректоры, 1985-1991 жылдары-кафедра меңгерушісі.

1991-1996 жылдары-Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының вице-президенті

2004 жылдан - Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) «Электрмен жабдықтау және жаңартылатын энергия көздері» (ЭЖЖЭК) кафедрасының профессоры.

300-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, өнертабысқа 106 авторлық куәлік алды.

Техника ғылымдарының докторы (17.12.1970), профессор (21.12.1971).

 

 

 


ENERGO UNIVERSITY