Университет басшылығы

Жазықпаева Айжамал Айтмұхамедқызы


Жазықпаева Айжамал Айтмұхамедқызының жоғары білім беру саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, атап айтқанда, талапкерлерді тарту, маркетинг, Қазақстан мен шетелдегі жоғары оқу орындарына қабылдау, студенттер және түлектермен жұмыс.

 

Айжамал Жазықпаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Компьютерлік ғылымдар саласында маманының, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің Қаржы бакалаврының және Назарбаев университетінің Басшыларға арналған іскерлік әкімшілендіру магистрінің дәрежелеріне ие.

 

Еңбек жолын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінде әдіскер ретінде бастады.

 

2002-2006 – Ұлттық білім беру стандарттары және тестілеу орталығының тестілеу технологиялары бойынша ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекші маманы.

 

2006-2012 – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның оқытуды ұйымдастыру және мониторинг басқармасының жетекші менеджері, бас менеджері.

 

2012-2014 – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бөлімінің бас менеджері, бастығы.

 

2014-2024 – Назарбаев университетінің студенттерді қабылдау департаментінің аға менеджері, директоры.

 


ENERGO UNIVERSITY