Айбек Жупанхан
АҚШ-тағы Питтсбург университетінің «Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша түлегі, Қазақстандағы және шетелдегі ғылыми жұмыс тәжірибесіне ие. Швецияның Лунд университетінде зерттеулерді жүргізген, Scopus дерекқорының 1-2 квартильді журналдарында жарияланған.
Зерттеу және аналитикалық құрылымдарда 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, білім беру жобаларын басқару саласында кең сараптамаға ие. Стратегиялық талдау мәселелерімен және мемлекеттік басқару реформаларымен айналысты. Қазақстанның мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдары үшін бизнес-процестерді трансформациялау және реинжиниринг сонымен қатар ұйымдастырушылық дизайн бойынша бірқатар жобаларды іске асырды.
Алматы энергетика және байланыс университетіне ауысқанға дейін Стратегиялық бастамалар орталығында білім беру саласына байланысты бірқатар жобаларға жауапты болды.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Білім беру, денсаулық сақтау және су ресурстары мәселелері бойынша Жобалық кеңсе қызметіне қатысты.