«АЭжБУ» коммерциялық емес АҚ 2020/2021 оқу жылына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру конкурсын өткізу туралы хабарлайды


09.01.2021 Все объявления


«АЭжБУ» коммерциялық емес АҚ 2020/2021 оқу жылына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесі берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған білім беру гранттарын беру конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

Конкурс «Бакалавр немесе магистр дәрежесі берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына» сәйкес өткізіледі.

Байқауға қатысуға ниет білдірген студенттер институт директорының электрондық поштасына келесі құжаттарды жіберуі керек:

– байланыс үшін тобын, ұялы телефон нөмірін және e-mail көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

– транскрипт;

–  жеке куәлік көшірмесін.

Өтініштер 2021 жылдың 2 қаңтары сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

Бос білім беру гранттары (магистратура)

ЖОО-ның алқалы органының шешіміне сәйкес өтініштерді қарау мәртебесі

057     Ақпараттық технологиялар ББ тобы бойынша бос гранттар 

ЖЭБЖИ бос гранттары

В062     Электр техника және энергетика ББ тобы бойынша бос гранттар 

B059     Коммуникация және коммуникациялық технологиялар ББ тобы бойынша бос гранттар 

ENERGO UNIVERSITY