АЭжБУ-дың «Әлеуметтік пәндер» кафедрасы 2021 жылдың 24 қарашасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (онлайн) өткізеді


12.10.2021 Все объявления


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Әлеуметтік пәндер» кафедрасы 2021 жылдың 24 қарашасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Қазақстан жастары тәуелсіздіктің 30 жылында: дәстүрлер, құндылықтар және басымдықтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (онлайн)  өткізеді. Конференция жұмысына жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады.

Конференция жұмысының бағыттары:

-Жаһандану жағдайындағы қазақстандық жастардың рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтары: ортақтық және ерекшеліктер;

-Отан тарихының өзекті проблемалары;

-Болашақ инженериясы: жаһандық тенденциялар және қазақстанның ұлттық мүдделері;

-Бүгінгі қоғам жастарының әлеуметтенуі және өзінің қабілетін іске асыру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.

Материалдар 2021 жылдың 17 қарашасына дейін жіберілуі керек.

Ұйымдастыру комитеті аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдарды қарамайды және авторға қайтарылмайды.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияның өткізілу уақыты: 2021 жылғы 24 қараша, сағат 11:00.

Конференцияның жұмыс форматы: онлайн, Zoom платформасы арқылы. Конференция идентификаторы және кіру коды өтінімде көрсетілген электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, өтінім формасы-сілтеме бойынша қолжетімді.