"Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" КеАҚ бос орындарды беруге ашық конкурс өткізетіні туралы хабарлайды


15.07.2022 Все объявления


Құрметті магистранттар мен студенттер!

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған білім беру гранттарын беруге арналған Ашық конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды

Конкурс «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 Қаулысы) сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген студенттер мен магистранттар 20.07.2022 ж. дейін төменде көрсетілген құжаттарды жинап, оларды институттың электронды мекен-жайына жіберуі керек:

1.      Білім алушының өтініші.

2.      Үміткердің жеке куәлігінің Скан нұсқасы бір парақта;

3.      Транскрипт (АЭжБУ КеАҚ порталы арқылы өтінім қалдыру);

4.      Эдвайзердің сипаттамасы.

 Назар аударыңыз:

- Кадрларды даярлау бағыты мен курсы бойынша бос гранттар санын тиісті институттың тіркелген құжаттарынан көруге болады.

- Байқауға ақылы негізде оқитын және конкурс өткізу кезінде пәндер бойынша академиялық қарызы жоқ магистранттар мен студенттер қатыса алады.

ЭЭИ бос гранттары 

ТҒИИ бос гранттары 

ЖЭБЖИ бос гранттары 

АТИ бос гранттары 

ҚҰРМЕТТІ ЖКБД МАГИСТРАНТТАРЫ!

«АЭжБУ» коммерциялық емес АҚ екінші семестрдің қорытындысы бойынша 2021/2022 оқу жылына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу барысында босаған бос білім беру гранттарын беруге конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

Конкурс «бакалавр немесе магистр дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына» сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген магистранттар төмендегі құжаттар тізімін жинап, Ақпараттық технологиялар институтының қолданыстағы dpo@aues.kz электронды мекен-жайына 20.07.2022 ж. дейінгі мерзімде жіберуі керек:

1.    Ашық қолжетімділікте GPA балын жариялауға келісімі туралы көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш (ТАӘ жеке куәлікке сәйкес қатаң түрде жазу). Өтініш үлгісі 2-қосымшада келтірілген;

2.    Скан. жеке куәлік бір бетте;

3.    Транскрипт (АЭжБУ КеАҚ порталы арқылы өтінім қалдыру);

4.    Студенттік топтың эдвайзерінің сканерленген сипаттамалары

Барлық қажетті құжаттар тізімін міндетті түрде корпоративтік поштадан жолдауыңызды сұраймыз, хабарлама тақырыбында «бос грантқа өтініш» деп жазыңыз.

Конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда GPA деңгейі жеткілікті студент міндетті түрде 3-қосымшада келтірілген үлгіге сәйкес бас тарту туралы өтініш жіберуі тиіс;

** Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің бос гранттарының саны 1-қосымшада келтірілген.

*** Конкурсқа ақылы негізде оқитын және конкурс өткізу кезінде пәндер бойынша академиялық қарызы жоқ студенттер қатыса алады.

Құрметпен ЖКБД әкімшілігі

1-қосымша

2-қосымша

3-қосымша