Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

Ақпараттық технологиялар институты - Ғ.Ж.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ең үлкен институты болып табылады. Қазіргі таңда екі мыңнан астам студентке білім беріп отырған институт 2010 жылы құрылды. 2017 жылы университет құрылымының ауысуы негізінде факультет атауы Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институты болып ауыстырылды.    

Бүгінде Ақпараттық технологиялар институты жоғары сұранысқа ие автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік салаларындағы жоғары білікті мамандарды дайындайды. Институттың білім беру бағдарламаларының барлығы Халықаралық аккредиттеуден өткен. 

Бiздiң институтта заманауи материалдық-техникалық база және жоғары бiлiктi профессор-оқытушылар құрамы бар. Институтымыздың инфрақұрылымы 4 кафедраны, 28 оқу және ғылыми зертхананы, СISCO аймақтық академиясын, бағдарламалау мектебін, «Kaspersky Lab», «Oracle», «AXIS», «SIEMENES» оқу орталықтарын қамтиды.

Қазіргі дәуір – ақпараттық технологиялар мен басқару жүйелерінің дәуірі. АТИ студенті атанған әрбір тұлғаны қызықты әрі мазмұнды өмір күтеді: қызықты мамандық, тартымды адамдар, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференцияларға қатысу.

Сіздерді ақпараттық технологиялар институтында күтемiз!

Байланыс телефоны: 87076006435

Электронды пошта: isuit@aues.kz



Институт директоры
Федоренко Игорь Анатольевич


ИНСТИТУТ ТУРАЛЫ

Ақпараттық технологиялар институты  2017 жылы «Аэроғарыш және ақпараттық технологиялар» факультетінің негізінде құрылды, 2010 жылы «Ақпараттық технологиялар» факультетінің құрылуымен тарихы басталды. Сол жылы факультетте «Компьютерлік технологиялар және электроника» кафедрасының бірінші меңгерушісі Әлімжан Берікұлы ат.«Cisco» аймақтық академиясының оқу зертханасы ашылды. Институттың ең көне бітіруші кафедрасы 1988 жылы профессор Хисаров Болат Джантемирұлы құрған «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы (бұрын инженерлік кибернетика кафедрасы) болып табылады.



Институт келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдайды және дайындайды:

Ақпараттық жүйелер Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету Computer science Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі


Мамандарды дайындау келесі кафедралар негізінде жүргізіледі:

IT инженерия кафедрасы Киберқауіпсіздік кафедрасы Автоматтандыру және басқару кафедрасы


СЕРІКТЕС КОМПАНИЯЛАР ЖӘНЕ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН КОМПАНИЯЛАР