Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты

Бүгінгі күні Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты (ТҒИИ) заманауи ғылым мен білім беру кешені болып табылады. Яғни Қазақстан аумағында ғана емес, сонымен бірге шет елдерде кеңінен қызмет көрсетіледі. Университет жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар дайындауға бағытталған. Жаңартылған материалды-техникалық база, білікті кадрлар, Қазақстанның жетекші компанияларымен тығыз байланыс жасау, әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс жасайтын біздің түлектердің  лауазымды өсуінің басты негізі болып табылады.

Институтта тек Отанымызға ғана емес, шет елге де танымал ғылыми ұжым жұмыс істейді. Мамандарды дайындаудың жоғары деңгейі ТҒИИ студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының  ЖОО арасындағы, аудандық және халықаралық жарыстарға, олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға қатысуларының нәтижелерімен дәлелденеді. ТҒИИ-да дәстүрді сақтап және дамуды жетілдіруді үйретеді.

Сізді күтеміз!



Институт директоры
Алипбаев Куаныш Арингожаевич


ИНСТИТУТ ТУРАЛЫ

Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты  (ТҒИИ) КеАҚ «АЭжБУ» құрылымдық бөлімі ретінде 2017 жылы "Радиотехника және байланыс" факультетінің негізінде құрылды.

Қазіргі уақытта ғарыш инженериясы және телекоммуникациялар институтында 1355 студент,120 магистрант, 29 докторант білім алуда.

Телекоммуникация және ғарыш инженерия институты ғарыш техникасы, робот техникасы, мехатроника, электроника және телекоммуникация саласында Қазақстан Республикасының негізгі кәсіпорындары үшін отандық және әлемдік нарықтағы зияткерлік еңбектің талаптарына жауапты  мамандарды дайындауды жүргізеді.



Институт келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдайды және дайындайды:

Телекоммуникациялық технологиялар Аспап жасау Ғарыштық техника және технологиялар Робототехникалық жүйелер Ғарыштық инженерия Инфокоммуникациялық технологиялар және жүйелер Арнайы электр байланысы


Мамандарды дайындау келесі кафедралар негізінде жүргізіледі:

Телекоммуникациялар және инновациялық технологиялар Электроника және робототехника Ғарыштық инженерия Әлеуметтік пәндер


СЕРІКТЕС КОМПАНИЯЛАР ЖӘНЕ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН КОМПАНИЯЛАР


ТҒИИ  шетелдің жетекші ғылыми орталықтарымен бірігіп жұмыс жасайды, Атап айтқанда: ААҚ «Ғылыми-өндірістік бірлестік «Андроидная техника», Винниц ұлттық техникалық университеті, М.Т. Калашников атындағы Ижевск мемлекеттік техникалық университеті (Ресей), Мәскеу инженерлік-физикалық институты (Ресей), Варна техникалық университеті,  Белосток техникалық университеті (Польша), Кассино және оңтүстік Лацио университеті (University of Cassino and Southern Latium) (Италия), Ұлттық зерттеу  Томск политехникалық университеті (Ресей),  Берлин техникалық университеті (Германия), Томас Мора университеті (Бельгия), Тохоку университеті (Япония). Сабақтар заманауи Iskratel, SIEMENS (Германия), ABB (Швеция), Maschinenfabrik Reinhausen  (Германия), Шнайдер Электрик, ЭКРА, ОВЕН (Россия), Panasonic, Intel, Texas Instruments жетекші компаниялардың талаптарына  сәйкес жабдықталған аудиторияларда өтеді, сондай-ақ студенттермен зияткерлік роботтарды өңдеу үшін радиомонтажды шеберхана іске қосылған – «Роботтардың халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасы».

ТҒИИ тек қана күндізгі оқу бөлімі бойынша 5000-ге жуық маман шығарды. Көптеген түлектер телекоммуникациялық және ақпараттық ұйымдарда жетекші орындарға ие. Олардың ішінде: Жұмағалиев А.Қ. – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Нұршабеков Р.Р. – ҚР ақпарат және байланыс бойынша Агенттік төрағасының бірінші орынбасары, Лезговко А.В. – «Казақтелеком» АҚ бас техникалық директорының орынбасары, Крупский И.Б. – «Казақтелеком» АҚ біріктірілген «Космическая связь» орталығының директоры, Андрусевич Е.В. –«MCI World Com» компаниясының Қазақстандағы өкілеттілігінің директоры, Афанасьев А.Н. – «Marcom Computer» компаниясының президенті, Швалов С.А., Кошелев В.В., Кругов М.А. – «Logy Com» ЖШС президенті және вице-президенті  , Калашников П.Г. – АЛСИ әкімшілік директоры, Ким Ю.Ю. – «ICON» ЖШС, «КаР-Тел» ЖШС – Beeline Казақстан директоры.