Жаңа қаулы: Қазақстанда Vero Cell вакцинасын жаппай қолдану мақұлданды

Жаңа қаулы: Қазақстанда Vero Cell вакцинасын жаппай қолдану мақұлданды


13.08.2021 Барлық жаңалықтар


Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыда Vero Cell вакцинасын жаппай қолдану мақұлданғаны көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Vero Cell белсенділігі жойылған Sinopharm вакцинасын қолдана отырып коронавирусқа қарсы вакцинациялау жүргізілсін.

"Белсенділігі жойылған Sinopharm COVID-19-ға қарсы Vero Cell вакцина  – SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02, штамынан жасалған, ол кейіннен сұйық вакцина қалыптастыра отырып, алюминий гидроксидінен адъювантпен адсорбциялау арқылы  өсірінді алу және жинақтау, β-пропиолактонмен белсенділігін жою, концентрациялау және тазарту үшін Vero жасушаларына егіледі. Вакцинада антибиотиктер мен консерванттар жоқ", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, вакцина 18 жастан асқан ересектерге арналғаны айтылады.

"Вакцинаның шығарылу нысаны: 1) бір дозалы құтыда енгізу үшін 0,5 мл өнім болады; 2) құтыда екі рет енгізу үшін 1,0 мл өнім болады, әрбір енгізу үшін бір доза ретінде 0,5 мл қажет; бір адамға 1.0 мл енгізуге тыйым салынады", - делінген қаулыда.

Ал вакцинациялау кестесі: енгізу арасындағы 21-28 күн аралықпен екі доза, әр доза 0,5 мл.

Ұсынылатын енгізу жолы – бұлшықетке, көбінесе иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне. Алайда тамыр ішіне енгізуге қатаң тыйым салынады.

"Құтыны алғаш ашқаннан кейін вакцинаның көлемі 1,0 мл қалдығы бөлме температурасында 1 сағаттан артық сақталмайды немесе  плюс 2°C-тан плюс 8°C-қа дейінгі температура кезінде 6 сағаттан асырмай сақталады. Вакцинаны екінші рет алу алдында резеңке тығынның бетін дезинфекциялау қажет. Айқаспалы ластануды болдырмау үшін дозаны құтыдан шприцке алу оны тікелей енгізер алдында жүргізілуі қажет. Құрамында консервант жоқ болғандықтан, шприцке жиналған вакцинаны дереу пайдалану керек. Шприцке бірнеше рет аспирациядан туындаған егу дозасының қателігі барынша азайтылуы тиіс. Егер құтыдағы қалған вакцина 0.5 мл-ден аз болса, оны тастау керек және әртүрлі құтыдағы вакцинаның қалдықтарын араластырмау керек", - делінген бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысында.

Құжатта вакцинаны енгізуге қарсы көрсетілімдер де аталыпты:

вакцинаның кез-келген компонентіне (оның ішінде қосымша заттарға) аллергия;

вакцинаға аллергиялық реакциялар (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу);

бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромының болуы;

жүктілік және лактация кезеңі;

18 жасқа дейін жас ерекшелік.

Егер вакцинациядан кейін жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болса, осы өнімді қайта пайдалануға тыйым салынатыны айтылады.

Жанама әсерлердің пайда болу жиілігі:

өте жиі: инъекция орнындағы ауырсыну, бас ауруы;

жиі: қызба, шаршау, миалгия, артралгия, жөтел, ентігу, диарея, қышыну;

жиі емес: қызару, ісіну, қатаю, бөртпе, қышыну, бас айналу, анорексия, құсу, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, дисфагия, тұмау, іш қатуы, аса жоғары сезімталдық;

сирек: эритема, жедел аллергиялық реакция, шаршау, ұйқышылдық, ұйықтай алмау,  түшкіру, назофарингит, мұрынның бітелуі, тамақтың құрғауы, тұмау жағдайы, тітіркендіргіштерге төмен сезімталдық (гипестезия), аяқ-қолдардағы ауырсыну, жүрек соғысының жиілеуі, іш аймағындағы ауырсыну, бөртпе, терінің және шырышты қабықтардың қалыптан тыс жағдайы, безеу, көздің ауыруы (офтальмодения), құлақтағы жағымсыз сезімдер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфаденопатия);

өте сирек: қалтырау, дәм сезудің бұзылуы, дәм сезбеу, күйдіру және ашыту сезімі (парестезия), тремор, зейін концентрациясының бұзылуы, мұрыннан қан кету (эпистаксис), демікпе ұстамалары, тамақтың жыбырлауы, тонзиллит, физикалық жайсыздық, мойынның ауыруы, жақтың ауыруы, мойынның тығыздалуы, ауыздың шырышты қабығындағы жаралар, тіс ауруы, өңеш қызметінің  бұзылуы, гастрит ұстамалары, нәжістің түссізденуі, көздің ауыруы (офтальмодения), бұлыңғыр көру, көздің тітіркенуі, құлақтың ауыруы, күш түскенін сезіну, қысым, төмен қан қысымы, несеп ұстамау, етеккірдің кешігуі.

Вакцинаға байланысты күрделі жанама реакциялар байқалмаған.

"Вакцинаны сақтау шарттары – жарықтан қорғалған жерде, салқын күйде плюс 2° C-тан плюс 8 °C-қа дейінгі температурада. Мұздатуға болмайды. Жарамдылық мерзімі - 24 ай. Қаптамасында және заттаңбасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды", - делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

https://kaz.tengrinews.kz/ материалдары бойынша / / Жаңа қаулы: Қазақстанда Vero Cell вакцинасын жаппай қолдану мақұлданды / / Авторы: https://kaz.tengrinews.kz/  - 2021-тамыз 13.

ENERGO UNIVERSITY