Жүзбе-жүз кездесу!

Жүзбе-жүз кездесу!

17.08.2021 Барлық жаңалықтар


Жүзбе-жүз кездесу

Бүгін қабылдау комиссиясының белсенді жұмысы барысында Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сауле Сагинтаева талапкерлермен және олардың ата-аналарымен әңгімелесті.

Болашақ студенттерді ғана емес, кездесуге келген ата-аналарды да қызықтырған негізгі мәселе - биылғы оқу жылындағы оқыту форматы.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті күндізгі форматта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін барлық қауіпсіздік шараларын ұйымдастырды: дене қызуын бақылау, маска режимі, желдету, ауаны зарарсыздандыру. Бұл ретте шектеулер енгізілген жағдайда университет қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарын өткізуге дайын.

Біз 1 қыркүйектен бастап оқыту жоспарланғандай дәстүрлі форматта өтеді деп үміттенеміз. Сондай-ақ, талапкерлер мен олардың ата-аналарын қабылдау тәртібі, жатақханада тұру, АЭжБУ-да оқудың артықшылықтары, мүмкіндіктері, перспективалары туралы сұрақтар қызықтырды.

Университет миссияларының бірі студенттерді оқуға жеңілдіктер, түрлі стипендиялар және атаулы гранттар беру, жатақханаларда жеңілдікті орындар беру түрінде әлеуметтік қолдау болып табылады.

2020 жылдан бастап ҰБТ-да ең жақсы көрсеткіштері бар студенттерге соңғы буын процессоры бар Ноутбуктер беру дәстүрі пайда болды. Ол биылғы жылы да жалғасуда. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті болашақ студенттерге 1500 ноутбук сыйлады. Оларды ҰБТ-да жоғары балл жинаған талапкерлер алады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы АЭжБУ өзінің 45 жылдығына орай болашақ студенттерге соңғы үлгідегі процессоры бар 800 Lenovo ноутбуктерін сыйға тартқан болатын. АЭжБУ-дың болашақ студенттері Қазақстанның жетекші техникалық университеттерінің біріне оқуға түсіп, жаңа жоғары өнімді оқу құралын алып, таңдаған мамандығының пәндерін оңай және қолжетімді меңгере алады.

Барлық сұрақтар мен түсініксіздіктерді жою үшін 2021 жылдың 13 тамызында Microsoft Teams платформасында: 2021-2022 оқу жылында оқытуды ұйымдастыру; жатақханаға орналасу; вакцинация мәселелеріне арналған тікелей эфирлер өтті.

Кездесулер 2-курс студенттері үшін бөлек, 3-курс студенттері үшін бөлек және 4-курс студенттері үшін бөлек өтті. Әрбір кездесудің спикерлері болып АЭжБУ ректоры – Сауле Саветовна Сагинтаева; Академиялық қызмет жөніндегі проректор – Сергей Владимирович Коньшин ; Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор – Алмаз Абжалиевич Саухимов; Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор – Серік Қапанұлы Махмутов сөз сөйледі. Кездесуге сондай-ақ институт директорлары, бөлімше басшылары, кездесу мәселелеріне жетекшілік ететін қызметкерлер қатысты.

Сонымен қатар, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ қабылдау комиссиясы Google Meet платформасында бейне-кеңесті іске қосты! Платформаға мобильді құрылғы арқылы кіретіндер Google Meet орнатуы керек. Консультанттар барлық қызықтырған сұрақтарға жауап береді және АЭжБУ-ға түсу туралы қажетті ақпаратты ұсынады. 057 - Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің коды. Онлайн-кеңес беру уақыты сағат 9:00-ден 18.00-ге дейін.

Біздің жоғары оқу орнымыз университеттегі оқу сапасы үнемі жақсарып, жоғары стандарттар мен еңбек нарығының заманауи талаптарына сай болуы үшін барлығын жасайды. АЭжБУ шетелдік жоғары оқу орындарымен, сондай-ақ Қазақстан мен әлемнің кәсіпорындарымен белсенді ынтымақтастық жасайды. Қазіргі уақытта университетте 80 оқу және ғылыми зертхана жұмыс істейді.