Тіл білімдері кафедрасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірінші курс студенттерінің онкүндігін өткізді

Тіл білімдері кафедрасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірінші курс студенттерінің онкүндігін өткізді


12.10.2021 Барлық жаңалықтар


Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл – қайта жаңғырған қазақ Мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін, жастарымыздың жарқын болашағының іргетасының қалыптасқанынәйгілейтін маңызды белес. Осы белестің маңыздылығын таныту үшін "Тәуелсіздік – ұлтымыздың ұлы тұмары" тақырыбына қазақ,орыс,ағылшын, неміс тілдерінде эссе жазу болса, 2 кезең «Мен елімді сүйемін» каллиграфия сайысы. 3 кезең «Тарихыңды таны» викторина сайысы. Аталған екі сайыстың қорытынды кезеңі, яғни кіл жүйрік іріктелген сайыс жоспарланған онлайн режимде кафедра оқытушылары мен студенттердің қатысуымен 11 қазанда өткізілді.

Шарамыздың шымылдығын Жылу энергетика және басқару жүйесі институтының 1 курс студенті Хайбурахманов Айбек «Тәуелсіз елім» атты төл туындысымен ашты. Қатысушылардың ұлттық рухтарын шабыттандыру мақсатында Кәсіпкерлікинженерия мамандығыны студенті Арон Алмас ДәулеткерейдіңКөрұғлы күйін орындады. Бұл сайыста қатысушыларымызға Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғалар мен шежірелер. Тәуелсіздік тарландары туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жалпылай қойылған сұрақтарға жауап берді. Шара соңында әділ қазылар алқасы үш кезеңнің қорытындысын шығара отырып, жеңімпаздарымызды грамота және бағалы сыйлықтармен марапаттап, алғыстарын білдірді.

Декаданың «Тәуелсіз елімнің болашағы» атты эссе жазу кезеңінде   Бектемір Елдос, Аяпов Дастан, Еркінай Дарын,  Қазбек Дархан, Арман Айдана, Хайбурахманов Айбек, Файзуллаев Дилрухтардың жұмыстары үздік деп танылды. Келесі «Мен елімді сүйемін» каллиграфия сайысында Медеу Асел, Чуварова Ирина, Игенова Әсел, Паризжанова Айдана, Тулетаев Асет,  Кекильбек Аружанның еңбектері жоғары бағаланды. Ал сайысымыздың бірінші орнын Қыдырхан Елжас (Power bank); 2-орнын Сахуадинов Диас (наушник);  3-орынды Паризжанова Айдана, Арман Айдана, Каргасекова Карина (термокружка) иеленді. Көрермендерге төл туындысын арнаған Хайбурахманов Айбекке наушник сыйға тартылды.

 Шара соңында Қ. Саринның «Тәуелсіздік» өлеңі оқылып, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!»деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуы керектігі айтылды.

Кафедра ұжымы декадаға қатысып, өздерінің отансүйгіштігімен ұлттық танымдарын танытқан студенттерге алғыстарын білдіреді.

 

ENERGO UNIVERSITY