«ПАРАСАТ» ЗИЯТКЕРЛІК КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ

«ПАРАСАТ» ЗИЯТКЕРЛІК КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ


21.10.2021 Барлық жаңалықтар


«Қазақстанның 100 жаңа есімдері»  жобасы аясында өткен конкурста жеңімпаз атанған Мадина Серікбекқызы Ашилованы шақырдық.

Мадина Ашилова – PhD философия ғылымының кандидаты, доцент. 2007 жылдан бері БАҚ саласында жұмыс істейді. Шығармашылық жолын «Хабар» телеарнасының таңғы бағдарламаларын жүргізуден бастап, «Алматы» телеарнасының бас редакторына дейін өскен. Қазіргі уақытта ол «Тұран» телеарнасының жүргізушісі. Ол журналистік қызметті оқытушылық қызметпен сәтті ұштастырып келеді. 2011 жылдан бастап Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жұмыс істейді. Ол ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады, білім беру, медиа-білім, мәдени мұра мәселелерін зерттейді. Оның 200-ден астам ғылыми еңбектер жариялаған.

Ол Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеумен айналысады. Осы мақсатта ол 2016 жылы «Almaty Nomad» саяхатшылар клубын құрды. Қазіргі уақытта Ашилова Мадина Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2021-2023 жылдарға арналған жас ғалымдар байқауының» жеңімпазы ретінде «Жаһандану жағдайында білім беру құндылықтарының трансформациясы және көпмәдениетті әлем» ғылыми жобасын басқарады.

Мадина батыр ана. Осы жобаларының барлығын бес баласын дүниеге әкеліп, өсіріп, тәрбиелей жүрін жүзеге асырумен келеді. Қазақстанның түкпір-түкпіріне саяхатты осы балаларымен бірге аттанып, олар да осы сапардың негізгі кейіпкерлеріне айналып отыр. Ол жайлы ақпарат көздерінде белсенді жариялап отырады.

Жақында қолға алған тағы бір жобасын жүзеге асырмақ. Ол әлемнің жетекші жоғары оқу орындарын аралап, Қазақстанды насихаттау мақсатында көрмелер өткізбек. Оны да өз көліктерімен аралау жоспарын жасап, жол бойы фильмдер түсіруге қажетті мол материалдар жинауға мүмкін болатынын айтады.

Кездесу соңында қандай да болмасын жобаны жүзеге асырудағы табандылығы бар Мадина Серікбекқызына, бірлігі жарасқан отбасына сәттілік тілеп, алдағы жүздесулеріміз онлайн емес университет қабырғасында өтеді деген үмітпен тарастық.