Смағұл Елубаев - "Парасат" студенттік зияткерлік клубының кезекті отырысының қонағы

 Смағұл  Елубаев -


21.10.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті әріптестер, студенттер!

«Парасат» зияткерлік клубының өтетін кезекті мәжілісінің қонағы көрнекті қазақ жазушысы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры  – Елубай Смағұл.

Елубаев Смагул Абатұлы 9 наурыз 1947 ж. Түркменстанның в Керкі ауданы Чаржоу облысында дүниеге келген. 1961 жылы Қазақстанға қоныс аударған. 

1971 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін, 1975 жылы Мәскеудегі сценаристер даярлайтын 2 жылдық жоғары курсты бітіреді. 

1992–1995 жж. «Парасат» журналының Бас редакторы, 1995 жылдан бастап Прагада, Американың «Азат Еуропа және Азаттық» радиосында қызметте болды.

Қазіргі кезде Ш. Айманов атындағы Қазақфильм ұлттық компаниясының бас редакторы. Қазақстан «Пен Клубының» Вице-президенті.

 «Ойсыл Қара», «Саттар соқпағы», «Білте шамның жарығы», «Жарық дүние» хикаялар жинағының және «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» романдарының, «Қызыл отау», «Өтелмеген парыз», «Ай астындағы үй», «Сұрапыл Сұржекей», «Батыр Баян», «Кек» көркемсуретті фильмдер сценарийінің авторы.

Жазушы шығармашылығының негізгі тақырыбы – қазақ халқы кеңестік дәуірде бастан кешкен нәубетті кезеңдер. «Ақ боз үй», «Мінәжат» романдары ашаршылық, сталиндік қуғын сүргін жылдарын қамтыса, трилогияның үшінші кітабы – «Жалған дүние» романы (2001) айтулы «тоқырау заманы» дейтін кезеңге арналған.

«Құрмет» орденімен марапатталған

Өткізілетін күні мен уақыты: 22 қазан 2021 жыл, сағ. 11.00 -13.00.

Онлайн платформасында қашықтықтан қосылу 10.30.

Қосылу адресі
Конференция идентификаторы: 216 347 3485
Код: 1

ENERGO UNIVERSITY