АЭжБУ ҚМЭУ-мен бірлесіп MBA бойынша оқуға қабылдау жүргізеді!

АЭжБУ ҚМЭУ-мен бірлесіп MBA бойынша оқуға қабылдау жүргізеді!

21.10.2021 Барлық жаңалықтар


Master of Business administration - бұл бизнесті басқару саласындағы ең беделді дәреже. Оқытудың басты мақсаты - компанияның максималды тиімділігіне қол жеткізу және нарықтағы көшбасшылықты қамтамасыз ету. Әр түлек дамып келе жатқан экономика жағдайында қаржылық басқару және жұмыс істеудің негізгі дағдыларын алады.

Бағдарлама таңдаған мамандығы туралы терең білімге мұқтаж, сондай-ақ басқару, стратегиялық менеджмент, экономика және жаңа технологиялар саласында қосымша құзыреттер алуға, өз бизнесінің одан әрі өсуі мен дамуына, кірісті арттыруға, жаңа бизнес-байланыстарға ұмтылатын барлық деңгейдегі менеджерлер мен басшыларға, компания иелері мен жеке кәсіпкерлерге арналған.

ОҚУ ЖОСПАРЫ пәндердің 3 блогын қамтиды:

КӘСІБИ БЛОК

«Индустрия 4.0» өнеркәсіптік революция бағдарламасына сәйкес индустриялық секторды дамытудың жаңа стратегиялық бағыттарын зерделеуді қамтиды.

БАСҚАРУ БЛОГЫ

Энергетика және телекоммуникация салаларында бәсекелестік ортаны дамытуға бағытталған компанияның стратегиялық менеджментін зерттейді.

ЖЕКЕ ӨСУДІ ДАМЫТУ  

Көшбасшылықты, HR және коммуникациялық менеджментті теориялық және практикалық зерттеуге бағытталған.

Ыңғайлы онлайн-оқыту форматы: бағдарлама өндірістен қол үзбей оқуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама компанияны басқаруда өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыра отырып, бір уақытта оқуға мүмкіндік береді.

Оқу процесіне көп жылдық тәжірибесі бар ғалымдар мен кәсіби мамандар тартылды

Оқу аяқталғаннан кейін сіз «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша «Master of Business Administration» дәрежесіне ие АЭжБУ меншікті үлгідегі дипломын және РФ мемлекеттік үлгідегі «Master of Business Administration» ҚМЭУ дипломын аласыз.

Оқуға түсу шарттары: жоғары білім, еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.

Оқыту тілі: орыс

Оқыту ұзақтығы: 2 жыл

Толық оқу курсының құны: 240 000 рубль/1 400 000 теңге

Барлығын оқуға күтеміз!

Мекен-жайы: Байтұрсынұлы 126/1 (Ғабдуллин көшесінің қиылысы).

Телефоны: + 7 (727) 323-11-75 (ішкі.6945);

+7 701 734 77 58 - Садықова Мадина (бас маман).