02.11.2021 Барлық жаңалықтар
АЭжБУ-да Әлеуметтік пәндер кафедрасының оқытушылары мен «Рухани жаңғыру» кеңсесінің ұйымдастыруымен онлайн режимінде «Жастардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты студенттік марафон форматында іс-шара өтті. Іс-шараға Электр энергетика және электр техника институтының 1-курсынан 10-нан астам студент қатысты, бұл кездесудің өзектілігі мен маңыздылығын көрсетеді.
Іс-шарада түрлі көрсетілімдер көрсетіліп, қызықты пікірлер мен қорытындылар айтылды. Спикерлер қазіргі заманның жастары — денсаулығы мықты, жігерлі, салауатты өмір салтын ұстанатын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, толерантты, қазақ халқының құндылықтары мен мәдениетін сіңірген жаңа формацияның жақсы білімді ұрпағы екенін атап өтті.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіндегі тәрбие жұмысының миссиясы өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне назар аударуды күшейту; студенттердің өзін-өзі өзгертуге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру; тәрбиенің, білімнің, кәсіпқойлықтың маңыздылығын арттыру, жалпыадамзаттық құндылықтарды: патриотизмді, адамгершілікті, азаматтықты және еңбексүйгіштікті бекіту және тәрбиелеу болып табылады.
Саяси ғылымдар докторы,
Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры
Алтынай Мухамбедьярова