СЕРГЕЙ ЕВГЕНЬЕВИЧ СОКОЛОВТЫ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

СЕРГЕЙ ЕВГЕНЬЕВИЧ СОКОЛОВТЫ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


04.12.2021 Барлық жаңалықтар


04 желтоқсан күні техника ғылымдарының докторы, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Электр энергетикалық жүйелер кафедрасының профессоры Сергей Евгеньевич Соколовқа 80 жас толады.

Сергей Евгеньевич Соколов 1941 жылы 04 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1963 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының Электрлендіру факультетін бітіріп, «Инженер-электрик» біліктілігін алды.  

Еңбек жолын Сергей Евгеньевич «Казгипросельэлектро» институтының Электр техникалық бөлімінің инженері болып бастады.

1965 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына оқытушылық қызметке ауысты.

1966 жылдан 1970 жылға дейін Сергей Евгеньевич М.И. Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтының «Электр станциялары» кафедрасында күндізгі аспирантурада оқыды және 1971 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.

1970 жылдан бастап  Қазақ политехникалық институтында қызмет атқарды. 1973 жылы «Электр станциялары» кафедрасының доценті атағымен бекітілді.

1975 жылы Сергей Евгеньевич Алматы энергетикалық институтына ауыстырылды, онда 1976 жылдан 1986 жылға дейін «Жоғары кернеулер техникасы» кафедрасын басқарды.

1986 жылдан 1992 жылға дейін «ББАИ энерго» біліктілікті арттыру институтының Алматы филиалында үздіксіз даярлау факультеті деканының орынбасары, содан кейін «Қазақстанэнерго» ҰЭЖ Алматы біліктілікті арттыру институтында кадрлар даярлауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

1992 жылдан 1999 жылға дейін Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Электрмен жабдықтау кафедрасының доценті, 1999 жылдан бастап меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2001 жылы докторлық диссертация қорғады. 2002 жылы профессор атағымен бекітілді және Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі болып сайланды.

2002 жылдан бастап Алматы энергетика және байланыс институтында «Электр станциялары, желілері және жүйелері» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді, ал 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін электр энергетикалық жүйелер кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді.

Сергей Евгеньевич оқу процесін ұйымдастыруға, мемлекеттік білім беру стандарттарын және «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша үлгілік бағдарламаларды әзірлеуге белсенді қатысады. С.Е. Соколов «АЭжБУ Хабаршысы» ғылыми-техникалық журналының бас редакторы болып табылады.

2011 жылы оған "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген энергетигі"атағы берілді.

С.Е. Соколов Тұрақты токпен магниттелетін басқарылатын ферромагнитті құрылғыларды әзірлеу және зерттеу жөніндегі қазақстандық мектептің негізін қалаушы болып табылады. Оның басшылығымен «Алтайэнерго» ПЭО «Чорга» ПС және БАМ электрмен жабдықтаудың Батыс учаскесінің «Таксимо» ПС трансформаторлық үлгідегі алғашқы басқарылатын реакторлар әзірленді, дайындалды және енгізілді.

Сергей Евгеньевич 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 42 авторлық куәлік пен патенттің, 4 монографияның және 12 оқу құралының авторы.

С.Е. Соколов «КСРО өнертапқышы» белгісімен, КСРО ХШЖК күміс медальдарымен, Қазақ КСР ХШЖК дипломдарымен және түрлі ведомстволардың Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Қазіргі уақытта Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы Президиумының мүшесі және «Қазақстан ғылым жаңалықтары» журналының редакциялық кеңесінің мүшесі болып табылады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге және Сіздің отбасыңызға амандық тілейді! Бақытты да, табысты күндеріңіз көп болсын!  Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!

 

 

 

ENERGO UNIVERSITY