«Тәу етер қасиетті Тәуелсіздігімізге 30 жыл» музыкалық-поэтикалық фестивалі

«Тәу етер қасиетті Тәуелсіздігімізге 30 жыл» музыкалық-поэтикалық фестивалі


03.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Тіл білімдері» кафедрасының оқытушылары «Тәу етер қасиетті Тәуелсіздігімізге 30 жыл» атты музыкалық-поэтикалық фестиваль ұйымдастырып, өткізді. Фестиваль университет деңгейінде онлайн режимінде өтті. Осы маңызды іс-шараға отыздан астам студент белсене қатысып, өз өнерлерін паш ететін бейнероликтерін жіберді. Күмбірлеген күй тартып, нақышына келтіріп тамаша әндер айтып, үш тілде Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, гитара шертіп өнер көрсеткен студенттердің озық бейнероликтері алдын ала іріктеліп алынып, фестивальдың қорытынды кезеңінде дүйім жұрт назарына үздік өнер иелерінің жұмыстары ұсынылды.

Әділқазылар алқасы фестивальдің барлық қатысушыларының шығармашылық өнерлерін жоғары бағалап, «мыңнан озық, жүзден жүйрік» шығып, жүлделі орындарды иеленген келесі студентерді мақтау грамоталары және бағалы сыйлықтармен марапаттады:

I орын – ПИ-21-2 тобының студенті Арон Данияр;

II орын – РЭТк-21-1 тобының  студенті Жұмабек Ерғалым;

III орын ЭЭк-21-17 тобының студенті Бекзат Кеңес.

Шараға белсене қатысқан студенттер әртүрлі номинациялар бойынша да мақтау грамоталары мен бағалы сыйлықтарға ие болды:

  1. «Күміс көмей, жез таңдай әнші» номинациясы – КТТк -21-1 тобының студенті Әбілқасымов Данияр;
  2. «Күміс-күй шебері» номинациясы – ПСк-21-1 тобының студенті  Жолдасов Райымбек;
  3. «Мәнерлеп оқу шебері» номинациясы – АУк-21-3 тобының студенті Қыдырбаев Есбол;
  4. «Гитара шерту шебері» номинациясы – ВТПО-21-3  тобының студенті Самаев Алмас.

Әділқазылар алқасы барлық студенттерге қызығушылық танытып, белсенді қатысқандары үшін алғыстарын білдірді.

Келе жатқан Ұлы мейрам – туған еліміздің Тәуелсіздігінің 30-жылдығы мерекесімен университет қызметкерлері мен студенттерін құттықтап, барлығына мықты денсаулық, сәттілік, отбасыларына амандық, жұмыста, оқуда табыс тілейміз! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

«Тіл білімдері» кафедрасының ұжымы

 

ENERGO UNIVERSITY