Ақзер Орынбасарқызы «АЭжБУ Аруы – 2021» жеңімпазы атанды

Ақзер Орынбасарқызы «АЭжБУ Аруы – 2021» жеңімпазы атанды


06.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 3 желтоқсанында Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «АЭжБУ Аруы – 2021» сұлулық байқауы өтті. Биыл 8 қатысушы басты титул үшін күресті. Қазылар алқасының құрамында қазақстандық сұлулық байқауларының жеңімпаздары мен сән индустриясы әлемінің инфлюенсерлері ғана емес, сондай-ақ университет түлегі – әнші Адылжан Умаров та болды. Іс-шараны Жастар саясаты департаментінің директоры Зарема Абдуллина мен Академиялық қызмет жөніндегі проректор Сергей Коньшин ашты. Ал байқаудың музыкалық сүйемелдеуін «UNIX» музыкалық клубының талантты студенттері ұсынды.

Байқау барысында қыздар тарих, мәдениет және әдебиет салаларына қатысты тамаша білгірліктерін көрсетті. Олар биде, ән айтуда және музыкалық аспаптарда ойнауда әртістік пен дарындылықтың жоғары деңгейін көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылар дефилемен шығып, қазылар алқасы мен залға ұлттық әйелдер костюмінің алуан түрлілігін көрсетті. Сондай-ақ шағын аспаздық конкурс өткізілді.

Жеңімпаздың атын жариялар алдында ұйымдастырушылар көрермендер арасынан «Зал Аруын» таңдады, сондай-ақ «UNIX клубының студенттері – Шыңғыс Карбозов, Ұлан Дәулетбаев, Ұлдана Төренияз, Мира Турашева, Асем Қуанышбек, Санат Дайыр өнерлерін көрсетті.

Байқау соңында қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздың, вице-мисс және түрлі номинациялар иегерлерінің есімдерін  жариялау үшін сахнаға шықты:

  1. «Әртістік Аруы» – Долқын Ақнар
  2. «Алтын дауыс Аруы» – Орынбасарқызы Ақзер
  3. «Әсемдік Аруы» – Матлканова Айтолкын
  4. «Кербездік Аруы» – Абрахманова Аружан
  5. «Сәнділік Аруы» – Ертаева Дария
  6. «Таланттылық Аруы» – Абжапарова Кымбат
  7. «Білгірлік Аруы» – Тагирова Томирис
  8. «Креатив Аруы» – Кымбатова Сара

Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ «АЭжБУ Аруы – 2021» байқауының демеушілері – Халықаралық модельдік агенттік және мектеп «Velada Models», «Қазақ киім әлемі» ұлттық киім және костюм дүкеніне, «Ami аксессуарлары» қолдан жасалған бұйымдар дүкеніне, «Naming.kz» компаниясына, «Naza Hairmake» сұлулық салонына алғысын білдіреді.

Іс-шара ҚР барлық санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтаумен өтті.

ENERGO UNIVERSITY