Тіл-өлшеусіз казына, өрісі кең әлем

Тіл-өлшеусіз казына, өрісі кең әлем


09.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 8 желтоқсанында бірінші курс студенттері арасында орыс тілі пәні бойынша олимпиаданың екінші және қорытынды кезеңі өтті. Биыл олимпиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Олимпиада Қазақстандағы үштілді білім беру тақырыбына арналып, «Мои языки – мои крылья» деп аталды. Биылғы жылы Тіл білімдері кафедрасының Орыс тілі секциясы дәстүрлі тапсырмалардан біршама алшақтап,  студенттердің орыс тілі бойынша білімдерін басқа форматта, видео форматында көрсетіп беруді ұсынды. Олимпиаданың шарты бойынша студент кез келген анимациялық, көркем немесе деректі фильмнен өзі таңдап алған  үзіндіні  дыбыстауы керек болды.

Олимпиаданың Ұйымдастыру комитетіне қатысушы үшін 30 өтінім келіп түсті, бірақ тапсырманы  тек 15 студент  (техникалық қиындықтарды жеңе отырып)  орындай алды. Олимпиаданың қазылар алқасының отырысы онлайн, Microsoft Teams платформасында өтті, жұмыстар алдын ала  әзірленген критерийлер бойынша бағаланды. Олимпиада қатысушылары орындаған  жұмыстарға реттік нөмірлер беріліп,  қазылар алқасы  жұмыстарды анонимді түрде бағалады  және тек финалда ғана олар қараған бейнесюжеттердің авторларын білді. Жинаған балдары бойынша Олимпиаданың жартылай финалына 10 студент өтіп, олар финалға қатысу құқығын алды.

Екінші кезең Kahoot білім беру платформасында интерактивті ойын түрінде өтті, онда қатысушылар «Трехъязычие как один из приоритетов современного образования» мәтінін тыңдап, мәтінді түсіну мен  орыс тілінің лексикасы мен грамматикасы бойынша тест тапсырмаларын орындады. Осылайша, осы ойын арқылы екінші кезеңнің жеңімпаздары анықталды.

Алғашқы үш жүлделі орындарды алған студенттер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда, бірінші орын алғаны үшін ЭЭк-21-17 тобының студенті Совет Бекзат дипломмен  және 30 мың теңге сомасындағы сыйлық сертификатымен марапатталды. Екінші орын алғаны үшін ПСк-21-2 тобының студенті Амантай Азиза дипломмен және 20 мың теңге сомасындағы сыйлық сертификатымен марапатталды. Үшінші орын алғаны үшін СИБк-21-7 тобының студенті Турганов Сухрат дипломмен және 15 мың теңге сомасындағы сыйлық сертификатымен марапатталды.

Бейнероликтер үшін қатысушылар келесі номинациялар бойынша арнайы дипломдармен марапатталды: Турганов Сухрат (СИБк 21-7) – «Үздік композиция»; Аяпов Дастан (СИТВЭк 21-1) – «Үздік ерекше сюжет»; Джумабаев Алихан (СИБк 21-2) – «Үздік диалог»; Амантай Азиза (ПСк21-2) – «Үздік дыбыс монтажы»; Альмиш Тұмар (ЭЭк-21-1) – «Үздік сценарий».  

Тіл білімдері кафедрасы

ENERGO UNIVERSITY