АЭжБУ студенттері ACM ICPC 2021 бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының ширек финалдық турына қатысты

АЭжБУ студенттері ACM ICPC 2021 бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының ширек финалдық турына қатысты


13.12.2021 Барлық жаңалықтар


11 желтоқсан, сенбі күні «онлайн» форматта ACM ICPC студенттері арасында бағдарламалау бойынша командалық әлем чемпионатының ширек финалдық туры өтті, оған Қазақстанның 9 үздік жоғары оқу орындарының мүдделерін білдірген 60-тан астам команда қатысты.

ACM ICPC (International Collegiate Programming Contest) – студенттер арасындағы ең беделді халықаралық бағдарламалау олимпиадасы. Бұл жарыс бір мезгілде Санкт-Петербург, Барнаул және Тбилиси университеттерінде өткізілген North Eurasia (ТМД) аймағының Халықаралық жартылай финалының бір бөлігі болды.

Чемпионат қатысушыларына 5 сағат ішінде 14 күрделі алгоритмдік есепті шешу ұсынылды.

Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің атынан 3 команда қатысты:

-KEKteam (Telbaeyva, Daniar);

-AUPET_1 (Bakdaulet, Temirlan, Myassyugin);

-AUPET_2 (Aibek, Aldazhar, Abylai).

 Айта кету керек, аталған студенттер бұл жарысқа алғаш рет қатысып, өздерін лайықты көрсете білді. Студенттер бұдан да жақсы көрсеткіштер көрсетіп, қарсыластарын артта қалдыруға мақсатты.  

А.Р. Кальпебаев, ментор.

ENERGO UNIVERSITY