20.12.2021 Барлық жаңалықтар
2021 жылдың 13 желтоқсанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Мәскеу энергетика институтының дипломдарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. "Құрметті түлектер! Сіздер "Экономика" мамандығы бойынша екінші диплом алуға шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасадыңыздар. Бұл кәсіпорынның даму процесін экономист тұрғысынан көруге мүмкіндік береді. Сіздердің дипломдарыңыз кәсіби және мансаптық өсуге көмектеседі деп сенемін", - деді ректор Сауле Саветовна Сагинтаева.
"Экономика" даярлау бағыты бойынша МЭИ-АЭжБУ қос дипломды білім беру бағдарламасы бірегей болып табылады, өйткені студентке Қазақстан Республикасынан шықпай-ақ қосымша мамандықты игеруге және Ресей Федерациясының мемлекеттік үлгідегі дипломын алуға мүмкіндік береді. "Мен Ресей дипломын алу мүмкіндігі үшін бүкіл университетке үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біз 3-4 жыл ішінде экономист болдық. Бір оқу кезеңінде екі диплом алдық. Осы мүмкіндік үшін көп рақмет!",- деді түлек Эльнұр Қожақметов.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті осы бағдарламаның түлектерін құттықтап, оларға табыс тілейді. Сіздер — біздің мақтанышымызсыздар!
"Экономика" даярлау бағыты бойынша МЭИ-АЭжБУ қос дипломды білім беру бағдарламасының түлектері:
- Абикен Абылай
- Байкатов Таймас
- Бокенхан Мирас
- Гумаров Эльдар
- Ермекбаев Асхат
- Жалгасбаев Турар
- Жолдасова Акбота
- Жуман Алиаскар
- Калдымурынов Бакытжан
- Калибеков Бексултан
- Калкаман Асем
- Касымов Мухамед
- Кожакметов Эльнур
- Куатов Ерхан
- Куатова Жулдыз
- Курганбекова Аида
- Кутикова Аружан
- Кыдырбаев Ескендир
- Мун Михаил
- Нагашыбек Тогжан
- Рахимбеков Кайсар
- Сабыр Алишер
- Сыдихов Айдос
- Тургынбек Дулати
- Хамлов Никита
- Шаймерден Бектурсын
- Шаяхметов Даулет