АЭжБУ-да Ашық есік күні өтті

АЭжБУ-да Ашық есік күні өтті


26.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 26 желтоқсанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде талапкерлерге арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға барлығы 450 адам келді. Талапкерлерді университетпен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар оларға болашақ мамандығын және оқу бағдарламасын таңдауда толық ақпараттық қолдау көрсетілді. Біздің бәсекелестік артықшылықтарымыз жоғары білікті оқытушы-профессорлар құрамы және энергетика, өнеркәсіп, телекоммуникация және IT-технологиялар нарығында жетекшілердің біліктілігі орталықтары мен зертханаларының болуы болып табылады.

 «АЭжБУ-дың» артықшылығы – мықты профессура және табысты түлектер! Біздің түлектеріміздің жұмысқа орналасу пайызы 90% құрайды. 45 жыл ішінде – ЖОО-ның 40 мыңнан астам түлегі және біздің әрбір түлегіміз – бұл өзінің жеке табыс тарихы. Елімізде «АЭжБУ» түлектері жұмыс істемейтін энергетика, телекоммуникация және IT саласындағы бірде-бір ҮЗДІК компания немесе жетекші ұйым жоқ.

ЖОО-ның басымдығы оқу және бос уақыт үшін ең қолайлы жағдай жасау болып табылады. Мәселен, өткен жылы ең дарынды бірінші курс студенттерінің 800-ін, бұл жылы 1500-ін соңғы буын процессоры бар ноутбуктермен қамтамасыз еттік. Біз студенттерді сапалы оқу үшін ең қажетті құралдармен қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, студенттердің бос уақытын өткізу үшін гаджеттерді зарядтауға арналған күн панельдері бар күркелер, орындықтар, инсталляциялар салынды, жатақханалар аумағында спорттық құрылыстары бар workout-алаң ашылды.  Жалпы университеттің материалдық-техникалық базасы үш оқу-зертханалық ғимаратты, төрт жатақхананы, спорт кешенін, акт залын қамтиды. Университет құрылымында төрт институт жұмыс істейді: Электр энергетика және электр техника институты, Жылу энергетика және басқару жүйелері институты, Ақпараттық технологиялар институты, Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты, 16 кафедра, Энергетика және байланыс колледжі, 10 ғылыми-зерттеу зертханасы, оның ішінде 3 аккредиттелген және 1 «Киберқауіпсіздік технологиялары» халықаралық зерттеу зертханасы, Біліктілікті арттыру институты, Орталық Азия аймағы мен Балтық елдері бойынша Cisco Өңірлік академиясы, Oracle академиясы, Huawei академиясы, Microsoft аймақтық академиясы, «AUPET Innovation» инновациялық орталығы, бизнес-инкубатор, робототехника және 3D-принтинг мектебі, «Энтел» жастар орталығы.

Бұл туралы «АЭжБУ» таныстырылымы кезінде талапкерлерге айтылды. Содан кейін талапкерлер алдағы ҰБТ-ға жақсы дайындалу үшін тестілеуден өтті. Тестілеу UniDem білім беру орталығымен бірлесіп өткізілді.

«АЭжБУ-да» Ашық есік күні сыйлықтар таратумен аяқталды.
Іс-шара ҚР барлық санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтаумен өтті.

 

ENERGO UNIVERSITY