05.01.2022 Барлық жаңалықтар
5 қаңтар күні Әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы Николай Иванович Головач өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Николай Иванович Головач 1972 жылы 05 қаңтар күні Атырау қаласында дүниеге келген. Мектеп қабырғасынан бастап көптеген жылдар бойы спортпен, гимнастикамен айналысқан. 1986 жылы КСРО құрамасы сапында ауыр атлетикадан спорт шебері атағын алды.
1994 жылы Николай Иванович Қазақ дене шынықтыру институтын «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша бітіріп, «Дене шынықтыру оқытушысы» біліктілігін алды.
1996 жылы регби бойынша спорт шебері атағын алды.
1996 жылдан 2005 жылға дейін «Заңғар» АҚ менеджері болып жұмыс істеді.
2017 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында Әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
Николай Иванович жоғары кәсібилігімен ерекшеленеді, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарымен белсенді айналысады, өзінің ғылыми-теориялық деңгейін әрдайым көтеріп отырады. Студенттер арасында спорттық-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды барынша жетілдіреді. Сондай-ақ, университеттің мәдени және спорттық-бұқаралық қызметіне қатысады.
Николай Иванович салауатты өмір салтын белсенді дәріптейді, студенттер, университет қызметкерлері арасында дене шынықтыру және спорт сабақтарын ұйымдастырады. Жыл сайын Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында ауыр атлетикадан қалалық жарыс өткізеді. Студенттермен «Спорттық Алматы» спартакиадаларына, «Ауыр атлетикадан Динамо Орталық кеңесінің» чемпионаттарына қатысады.
Николай Ивановичтің еңбек жолы басшылық тарапынан ғана емес, республикалық деңгейде де жоғары бағаланды. 2021 жылы Николай Иванович Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен «Жатып сығымдаудан Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын алды.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік және табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!