12.01.2022 Барлық жаңалықтар
Құрметті қысқы қабылдауға қатысқан магистратура мен докторантура үміткерлері және қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысушылар!
БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов жоспарланған бірқатар іс-шаралардың мерзімі кейінге шегерілгенін хабарлады.
Елдегі төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты құжаттарды тапсыру және магистратура мен докторантураға қабылдау мерзімін 24 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
ҚАҢТАР айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2022 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартылғанын хабарлаймыз.
ҰБТ өткізу мерзімі: 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығы.
Тестілеудің өткізілуі келесі мерзімдерге ауыстырылды:
-11 қаңтардан 29 қаңтарға;
-12 қаңтардан 5 ақпанға;
-13 қаңтардан 11 ақпанға;
-14 қаңтардан 12 ақпанға;
-15 қаңтардан 21 ақпанға;
-17 қаңтардан 14 ақпанға;
-18 қаңтардан 15 ақпанға;
-19 қаңтардан 16 ақпанға;
-20 қаңтардан 17 ақпанға;
-21 қаңтардан 18 ақпанға;
-24 қаңтардан 19 ақпанға.
Бұл ретте басқа күндерге жоспарланған ҰБТ өз уақытында өтетін болады.
‼️МАҢЫЗДЫ: 2022 жылғы 21-22 ақпан аралығына Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент, Тараз, Жетісай, Талдықорған, Есік қалаларында және Шамалған ауылында қосымша тестілеу күндері ашылды.
Сонымен қатар, академиялық кезең аяқталғанға дейін ЖОО-ға қабылданған тұлғаларды және ауысатын студенттерді оқуға қабылдау кезеңі ұзартылатын болады.
Тестілеу күндері туралы ақпарат тестіленушінің Жеке кабинетінде қолжетімді.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда +77085517701 телефон номеріне хабарласа аласыз.