Орындалатын миссия: есеңгіреуден кейінгі жағдайдың алдын алу

Орындалатын миссия: есеңгіреуден кейінгі жағдайдың алдын алу


09.02.2022 Барлық жаңалықтар


Студенттер арасындағы  есеңгіреуден кейінгі жағдайдың алдын алу мақсатында АЭжБУ Жастар саясаты департаментінің және психологиялық көмек қызметінің күшімен арнайы іс-шаралар өткізілді. Осылайша, 1-4 ақпан аралығында "Стресті жеңу және сүйеніш табу" тақырыбында тренинг өткізілді, соның арқасында куратор-эдвайзерлер стрестің оқу процесіне әсері мәселелерін толығырақ біле түсті. Бұл тренингтен 78 адам өтті.
 
"Қаңтар оқиғаларынан кейін кей адамдарда психологиялық жарақаттар мен есеңгіреуден кейінгі жағдайлар болуы мүмкін, бұл кейіннен психологиялық бұзылуларға апарады.  Сондықтан эдвайзер-тәлімгерлер арқылы жағымсыз әсерлердің алдын алу үшін осындай тренингтер қажет. Біз оларға стрестің түрлері мен салдары, сондай-ақ мазасыздықтың белгілері туралы айттық.  Есеңгіреуден кейінгі жағдай жас ағзаға үлкен зиян келтіреді, осы сияқты жағдайларға жол бермеу мақсатында біз осындай іс-шараларды өткізудеміз", - деді психолог Ардақ Чукеевна.

ENERGO UNIVERSITY