Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері жас стартаперлерді шабыттандырды. Alpha Generation" форумы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері жас стартаперлерді шабыттандырды. Alpha Generation


28.03.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 28 наурызында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде "Alpha Generation" форумы өтті. Бұл іс-шараны 1-4 курс студенттері үшін "Sci.Engine" ғылыми клубы ұйымдастырды.Қазақстанда 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды. "Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы —  біздің жалпыұлттық міндетіміз",-деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа жылдық құттықтауында.
Мемлекет басшысының жалпы айтқандары мен балаларға көмектесу керек деген сөздері форум кезінде таныстырылған стартаптарды әзірлеуге шабыт берді. Жыл бойы бұл жобалардан бизнес-инкубаторлар мен акселераторлар өтеді.
Форумға 3 команда қатысты:
1.     "Shymyr Bala"  —   DR.Stone командасы
2.      "From Z to Alpha"  —    "Bright Future with Sci.Engine"  командасы 
3.     "Alpha Generation"  —   "СтартАД" командасы


 Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Ғылым және коммерцияландыру департаменті

ENERGO UNIVERSITY