Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да Наурыз мерекесін ашық тойлау

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да Наурыз мерекесін ашық тойлау


01.04.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 1 сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Наурыз мерекесін ашық тойлау өтті.
"Бұл мереке біз үшін өте маңызды. Бүгін біз — қызметкерлер, оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер көптен күткен көктемді қарсы алу үшін осында жиналдық. Көңілді, қуанышты көңіл-күйде болайық! Мереке құтты болсын!",- деді ректор Сауле Сагинтаева. 
Салтанатты ашылу кезінде АЭжБУ-дың дамуына үлкен үлес қосқан еңбек сіңірген профессорлар мен оқытушылар медальдармен және мадақтамалармен  марапатталды. Ректор оларға оқытушылық және ғылыми қызметтері үшін өз алғысын білдірді. Іс-шара барысында студенттік клубтардың талантты балалары өнер көрсетті, сондай-ақ барлық тілек білдірушілерге ұлттық тағамдармен дастархан жайылды.
"Жақсы көңіл-күй үшін АЭжБУ-ға рақмет! Мен мұнда екінші жыл оқып жүрмін. Осылай барлығымыздың басымыз қосылып, Наурыз мерекесін бірге тойлап жатқанымыз үшін қуаныштымын. Пандемия артта қалып барады деп ойлаймын, әрі келесі Наурыз да керемет өтеді деп сенемін", - деп студенттердің бірі өз әсерімен бөлісті.

ENERGO UNIVERSITY