АЭжБУ "Өсу бизнес академиясы" жаңа майноры

АЭжБУ


19.04.2022 Барлық жаңалықтар


Бұл ақпарат тек 1-курс студенттері үшін.

Егер Сіз кәсіпкер болғыңыз келсе, онда сізге биржалық сауда мен трейдинг, инвестициялар және қаржылық аналитика бойынша білім мен компетенциялар туралы ілім қажет болады.

Сіздер үшін Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ 2022-2023 оқу жылында "Бизнесті әрі қарай өсіру академиясы" атты жаңа қосымша бейінге жол ашады. Студенттерді тіркеу 2022 жылдың 25-27 сәуірінде Портал АЖ жүргізіледі.

Сіз үшін біз келесі пәндер тізбегін дайындадық:

- Жобалық аналитика - Инвестициялар және инвестициялық шешімдер

- Қаржылық талдау

- Шағын және орта бизнес қызметін талдау

- Бизнесті әртараптандыру. Биржалық сауда және трейдинг.

2021 жылдан бастап 2-курс студенттері өз ісін қалай бастау керектігін үйренді, ал "Бизнес өсу академиясы" қосымша бейіні  Сіз үшін жасалған университетіміздің келесі кезеңі!

Гүлназ Шегебайқызы Боканова 4 семестрде осы қосымша бейіннің ең алғашқы курсын "Жобалық аналитика - Инвестициялар және инвестициялық шешімдер" курсымен ашады.

ENERGO UNIVERSITY