20.04.2022 Барлық жаңалықтар
Өткен апта университет үшін сәтті аяқталды. 15 сәуірде құрамына Жастар саясаты департаментінің директоры орынбасары Еликбай Каби және Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Али Нуржан кіретін Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің делегациясы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың, білім ведомствосының вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің, отандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорларының, жастар ұйымдарының өкілдерінің және жастар ұйымы өкілдерінің, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен "Тәрбиелі жастар - парасатты азаматтар" республикалық форумына қатысты.
Форумның негізгі мақсаты - студенттер арасында парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру ерекшеліктерін, жастарды белсенді қоғамдық өмірге тарту жолдарын, университеттердегі тәрбие жұмысын талқылау.
Асхат Аймағамбетов қатысушыларға құттықтау сөзінде жаңа Қазақстанның өркендеуі білім мен ғылымның, сондай-ақ адами капиталдың дамуымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Министр ЖОО-дағы тәрбие жұмысына назар аударды, оны жаңа деңгейге шығару қажет екендігіне тоқталды. Форумда келесі тақырыптар көтерілді: білім беруді ұйымдастырудың заманауи әдістері мен тәсілдері, студенттік өзін-өзі басқару жүйесі және оның Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы рөлі, студенттік әлеуметтік кредит, еліміздің жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысы, ал форумның шарықтау шегі отбасы институтына және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөліне арналған тренинг болды.
Еліміздің жастар саясаты - қазіргі Қазақстанның келбетін қалыптастырудың маңызды құралы. Форумда жаңа пікірлер мен көзқарастар, ұсыныстар мен шешімдер айтылды, жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысын дамыту мен жақсартуға байланысты мақсаттар анықталды. Мұндай іс-шаралар жақсы дәстүрге айналуы керек.
Форум қорытындысы бойынша Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Жастар саясаты департаменті тәрбие жұмысында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін университетте Жастар саясатын жүзеге асыруда келесі қағидаттар мен тәсілдер жоспарлаған:
- Тәрбие жұмысының қалыптасқан тәсілдерінен білім алушыларды әлеуметтік дамыту мен қолдаудың жаңа форматына көшу. Өз бетінше шешім қабылдай алатын, өзгерістерге дайын, елдің әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік дамуына белсенді қатысатын мамандарды даярлау.
- Студент жастардың ЖОО-ның академиялық және ғылыми-зерттеу саясатына нақты қатысуын қамтамасыз ету мақсатында студенттерді ғылыми жобаларды жобалау мен іске асыруға тарту, коммуникативтік және нақты дағдыларды, студент жастардың әлеуметтік капиталын дамыту.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті барлық студенттік бастамаларды әрдайым қолдайды және болашақтың бәсекеге қабілетті көшбасшыларын одан әрі жетілдіруге және тәрбиелеуге дайын.
Университет атынан форумды ұйымдастырушыларға, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне және Еуразия ұлттық университетіне осындай мүмкіндіктер ұсынып жастар саясатын қолдағаны үшін зор алғысымызды білдіреміз, алда жастар қоғамдастығын дамыту бойынша көптеген жоспарлар мен міндеттер тұр.