1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні


01.05.2022 Барлық жаңалықтар


Құрметті достар! Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншіліктің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Осылайша, біздің ұжымдық сана-сезімімізге рухани және адамгершілік негізі қаланды. Біздің жетістігіміз қазақстандық бірегейлікке негізделді.

Ал қазақстандық бірегейлік дегеніміз не? Бұл - тек патриотизм ғана емес, сонымен бірге барлық қазақстандықтардың бірлігі, бұл - біздің елімізді көпұлтты және көпконфессиялы ететін интернационалдық рух, бұл - біздің халқымыздың табиғи тектілігі және мемлекетіміздің тарихи ұлылығы. Қазақстандық - шынайы интернационализм рухының иесі. Қазақстан халқының бірлігі күнін атай отырып, біз Қазақстан халқының ажырамас бөлігі болып табылатын барлық этностардың салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптары мен тілдеріне құрмет пен ізет білдіреміз.

Атаулы мерекеде Сіздерге бейбітшілік пен өркендеу тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Мереке құтты болсын!

Ізгі тілекпен,

Ғұмарбек Дәукеев атындағы

Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры

Сауле Сагинтаева

 

ENERGO UNIVERSITY