28.07.2022 Барлық жаңалықтар
28 шілдеде Тіл білімдері кафедрасының аға оқытушысы Толганай Сагынқызы Курманбаева 50 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Т.С. Курманбаева 1995 жылдан бастап Алматы энергетика институтында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде еңбек жолын бастады, содан кейін университеттің «Электр жетегі және өнеркәсіптік қондырғыларды автоматтандыру» кафедрасында (ЭЖӨҚ), Қаржы-әкімшілік және Оқу-әдістемелік бөлімдерінде қызмет етті. Бүгінгі күні Толганай Сагыновна Тіл білімдері кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып отыр.
Т.С. Курманбаева ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ұдайы айналысады, ғылыми, республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға белсенді қатысып тұрады, оның әртүрлі ғылыми басылымдарда, соның ішінде шетелдік басылымдарда 20-дан астам жарияланымдары жарық көрген.
Т.С. Курманбаева Лодзь ұлттық университетінде, Филология институтында (Польша) ғылыми тағылымдамадан өтті. Оның кәсіби мүдделерінің саласы Электр энергетика терминологиясымен байланысты.
Т.С. Курманбаева «Орыс тілі», «Кәсіби орыс тілі» пәндері бойынша бірқатар әдістемелік әзірлемелер мен нұсқаулықтарының авторы. Білім көтеру курстарында оқып, өзінің кәсіби деңгейін жоғарылатумен үнемі айналысып отырады. Сондай-ақ «Тіл білімдері» кафедрасының және университеттің әртүрлі деңгейдегі тәрбиелік іс-шараларын ұйымдастыруға да қатысады. АЭжБУ кәсіподақ ұйымының мүшесі.
Толганай Сагыновнаның Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіндегі жалпы еңбек өтілі 27 жылды құрайды.
Толганай Сагыновнаның ашық-жарқын, ортақ тіл тапқыштық, орындаушылық, ықыластылық, тілектестік, жауапкершілік, қарапайымдылық және еңбекқорлық сияқты жеке қасиеттерін ерекше атап өткен жөн.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге мол бақыт, зор денсаулық, сәттілік және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын! Сізге бақытты күндер мен жақсы көңіл-күй тілейміз!