NASA астронавты Шэннон Уокер Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне келді

NASA астронавты Шэннон Уокер Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне келді


07.10.2019 Барлық жаңалықтар


4 қазан күні NASA астронавты Шэннон Уокер Ғұмарбек Дәукеев атындағы Д ғимаратынын акт залында өткен Ғарыш-2019 апталығына қатысу үшін Алматы Энергетика және байланыс университетіне  келді.   Іс-шараның ұйымдастырушылары Алматы қаласындағы АҚШ бас консулдығы және American Space in Almaty. Ғарыш 2019 апталығы «Ай: жұлдыздарға апарар шлюз» атты ортақ тақырыппен бүкіл әлемде аталуда және бұл апталық Аполлон 11 миссиясының Айға қонуының 50 жылдығына  арналады. Осы мақсатта Қазақстандағы  АҚШ дипломаттық миссиясы  Алматы қаласына NASA 2004  ж. астронавттар тобының 19 мүшесі доктор Шэннон Уокерді шақырды.

Доктор Уокер 2010 жылы Байқоңырдан ұшырылған ХҒС бортының 24/25 ұзақ миссиясы экспедициясына ұшу инженері ретінде қатысты. Доктор Уокер Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері мен қызметкерлеріне қалай астронавт болғанын, ұшуға қалай дайындалғанын және ХҒС-да жарты жыл тұрғандығы, сонымен қатар 2004 жылы NASA-ға  іріктеуден қалай өткені туралы айтып берді. 2010 жылы ол ХҒС-да бортинженер ретінде 163 күн  өткізді.

Астронавттың физика бойынша гуманитарлық ғылымдар бакалаврының дәрежесі, магистр ғылымы және ғарыштық физика  саласындағы философия докторының дәрежесі бар. Уокер  Ұшақтар мен ұшқыштар иеленушілері қауымдастығының және Ұшқыш әйелдер халықаралық  ұйымының тоқсан тоғызыншы мүшесі болып табылады. Астронавт бос уақытында  аспаздық, футбол, жүгіру, күштік жаттығулар және сапарлармен әуестенеді.

ENERGO UNIVERSITY