28.09.2022 Барлық жаңалықтар
Күні кеше, білім ордамыздың қабырғасында Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Ел - бүгіншіл, менікі - ертеңгі үшін..." атты "ҰЛАҒАТ" ұйымы өткізген жоғары дәрежелі конференция өткен болатын.
Аздаған уақыт ішінде, жаңа танысқан ортамен жақсы қарым - қатынас орната отырып, асқан қызу дайындықты талап ететін конференция - барлық жиылған көрермендердің көңілінен шықты.
Жан - жақты жастар өздеріне бірден назар аудара білді. Біреуі әсем - қоңыр дауысымен терме орындаса, біреуі күмбірлетіп күй тартты.
Конференцияға арнайы көрермен ретінде университетіміздің Жастар саясаты басқармасының директоры Абдуллина Зарема Альфредовна, Жастар саясаты басқармасының директорының орынбасары Каби Еликбай, Жастар саясаты басқармасының шығармашылық жеттекшісі Карбозов Шынгыс және Кітапхана жетекшісі Базарбаева Жанылган Сейткамзановна қатысып өздерінің жоғары бағасын берді.
Өздерінің студенттік өмірін дәл осы іс-шарадан бастаған жастарға көзайым болуға келген көрермендер барлық қатысушылар мен конференция дәрежесіне тәнті болып қайтты. Конференция ұйымдастырушылары алдағы уақыттада осындай шараларды ұйымдастыруға өз уәдилерін берді!