АЭжБУ АЖК кафедрасының оқытушысы «Үздік педагог – 2022» халықаралық кітап басылымының І дәрежелі Дипломымен марапатталды

АЭжБУ АЖК кафедрасының оқытушысы «Үздік педагог – 2022» халықаралық кітап басылымының І дәрежелі Дипломымен марапатталды


28.09.2022 Барлық жаңалықтар


 «Cisco» академиясының нұсқаушысы, «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушысы Әлия Советжанқызы Тергеусизова «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Ғылыми-білім беру мекемелері арасында өткізілген «Үздік педагог-2022» халықаралық кітап басылымының І дәрежелі Дипломымен марапатталды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Үздік педагог – 2022» II Халықаралық кітап басылымы бүкіл ТМД мен Еуропаның ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің ғылымы мен жеке табыстарын насихаттауға бағытталған бірегей жоба болып табылады.

Бұл жобаға Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Беларусь Республикасының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері қатысты. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде қалыптастырылған ғылыми база ғылыми-педагогикалық қоғамдастықтың хабардарлығын едәуір кеңейтуге және ТМД мен Еуропа елдерінде ғылымның одан әрі интеграциялануына ықпал ететін болады.