24.11.2022 Барлық жаңалықтар
Университет қабырғасында «Алматы электр механикалық зауыты» АҚ өкілдерінің «Alageum Electric» холдингінің тарихы мен қалыптасуы тақырыбымен қонақтық дәрісі өтті. Дәріске Электр энергетика және электр техника институтының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ Вроцлав ғылым және технологиялар университетінің қонақтары – PhD, доктор, декан, профессор Вальдемар Ребизант және декан орынбасары PhD, доктор Роберт Лис қатысты.
Alageum Electric компаниясының директоры Акжол Сауранбаев АЭжБУ студенттеріне дәріс оқып қана өқоймай, ол компанияның қызметі туралы айтып беріп, студенттердің университетті бітіргеннен кейін компанияға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне қатысты сұрақтарына жауап берді.
Дәріс барысында студенттер компанияның ұйымдық құрылымымен, оның Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қызметімен, жұмыс барысындағы негізгі жетістіктерімен танысты.
Қонақ лекциясы студенттер мен оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, олар өнімнің жұмыс істеуі және электр энергетикасы саласына жұмысқа қабылданғандар үшін компанияның талаптары туралы көптеген сұрақтар қойды.
«Alageum Electric» холдингі 1997 жылы 17 қарашада 25 жыл бұрын құрылды, біз мерейтойымен шын жүректен компаниясын тағы да құттықтаймыз!