Польша ғылым және технологиялар университетінің (WUST) делегациясымен кездесу

 Польша ғылым  және технологиялар университетінің (WUST) делегациясымен кездесу

24.11.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылғы 21-25 қарашада Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне Польша ғылым және технологиялар университетінің (WUST) делегациясы келді. Делегация құрамында WUST Электр энергетикасы факультетінің деканы және декан орынбасары Вальдемар Ребизант және Роберт Лис болды. Құрметті қонақтарды Академиялық қызмет жөніндегі проректор С.Коньшин, ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор А. Саухимов, халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің директоры М. Алиярова, институттардың директорлары, сондай-ақ ЭЭЭТИ кафедраларының меңгерушілері қарсы алды.

Сапардың негізгі мақсаттарының бірі академиялық ұтқырлық және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. Кездесу барысында тараптар оқу жұмыс жоспарларымен алмасты, ғылыми мүдделер саласындағы негізгі түйісу нүктелерін талқылады, университет институттарының оқу және ғылыми зертханаларына барды.