28.11.2022 Барлық жаңалықтар
Махтумкули атындағы Түрікмен мемлекеттік университетінде
өткізілген химия бойынша Халықаралық Интернет-Олимпиаданың
нәтижелері бойынша Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және
байланыс университетінің бірінші курс студенті Амангелді Әділет
Бекболатұлы ("6B07103 – Жылу энергетикасы" ББ) 2 дәрежелі дипломмен
марапатталды. Бұл олимпиадаға әлемнің 80 жоғары оқу орнынан 300-ден
астам студент қатысты, олардың арасында Амангелді Әділет өз білімін
лайықты көрсетті, барлық тапсырмаларды орындады және еңбегі үшін
жеңімпаз деп жарияланды.
Амангелді Әділетті жоғары марапатымен құттықтаймыз және үлкен
жетістіктер мен одан әрі табыстар тілейміз!