28.11.2022 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті ҚР-да мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша «Кедергісіз орта» Ұлттық жоспарын іске асыру шеңберінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер үшін тұрақты түрде тренингтер өткізеді.
2022 жылдың 24 қарашасында университтеттің психологиялық қызметі ерекше денсаулық мүмкіндіктері бар студенттердің эдвайзерлеріне арналған кезекті тренинг өткізді. Тренингте эдвайзерлер мүмкіндігі шектеулі студенттердің құқықтары, студенттердің осы санаты үшін аралық бақылаулар мен емтихандар өткізу тәртібі туралы хабардар болды. Тренинг барысында эдвайзерлер ерекше денсаулық мүмкіндіктері бар студенттердің алдында тұрған қиындықтарды "сезіне" алды. Психологтар мен эдвайзер-оқытушылардың тікелей байланыс жасау процесінде оқу үдерісі мен мүмкіндігі шектеулі студенттердің әлеуметтік ортаға бейімделу үдерісіне байланысты ең өзекті сұрақтарға жауаптар табылды.