Huawei Таяу Шығыс аймақтық финалы 2022 АКТ жарысының нәтижелері

Huawei Таяу Шығыс аймақтық финалы 2022 АКТ жарысының нәтижелері

22.12.2022 Барлық жаңалықтар


20-22 желтоқсанда Оманның Маскат қаласында өткен АКТ Huawei Middle East Regional Finals 2022 байқауының нәтижелері жарияланды!

Huawei ICT Competition 2022 Middle East байқауы - бұл Таяу Шығыс аймағындағы университеттер мен колледж студенттеріне арналған АКТ таланттарымен алмасу бойынша бәсекеге қабілетті іс-шара, АКТ таланттарының экожүйесін дамытуға және өнеркәсіп пен білім беруді біріктіруді қолдауға бағытталған.

Биылғы жылы байқауға Таяу Шығыс пен Орталық Азияның 11 елінің атынан қатысқан ғылыми кеңесшілерінің сүйемелдеуімен талантты студенттердің 15 командасы қатысып, конкурстың атағы мен наградаларына бірге таласты.

Финалға бүкіл аймақ бойынша 472 университет пен колледждің 19231 студентінен барлығы 45 студент қатысты. Қатысушылар алдын ала байқау мен тренингтен өтті, содан кейін әрбір қатысушы елдегі Huawei кеңселерінде өткізілген Ұлттық емтиханнан өтті.

ICT Competition 2022-2023 ұлттық кезеңінің нәтижелері бойынша АЭжБУ СИБу-21-2 тобының студенті Николай Жиляков Network Track бағытында жүлделі орынға ие болды, кейіннен Huawei ICT Competition 2022 Middle East-те біздің елдің атынан қатысқан құрама командаға қосылды.

АЭжБУ, ХАТУ, ҚазҰУ университеттерінің үш студентінен құралған Қазақстан құрама командасы үшінші орында иеленді. Команда  жаттықтырушысы – Т.В.Голубева (Huawei АЭжБУ академиясының нұсқаушысы).

Жеңімпаздар келесі жылы Қытайдың Шанхай қаласында өтетін жаһандық финалда аймақтың атынан қатысуға мүмкіндік алды.