23.12.2022 Барлық жаңалықтар
Халықаралық қазылар алқасы «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» атты III Халықаралық интернет-олимпиадасының қорытындыларын шығарды
Нәтижелерді бағалау негізінде – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенті Ярослав Асланян зияткерлік сайыс жеңімпаздарының қатарына кіріп, олимпиада жүлдегері атанды. Студентті олимпиадаға дайындауда Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры Мұхамбедьярова Алтынай Төлеуқызы жетекшілік етті.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық демократияны дамыту мониторингі институты (ТМД ПАА ХДДМИ) мен Саратов мемлекеттік заң академиясы ұйымдастырған «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» атты III Халықаралық интернет-олимпиадасы 2022 жылғы 15 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтті.
Оған Достастық елдерінің 149 жоғары оқу орындарынан 1465 студент қатысты. ТМД елдерінің жоғары оқу орындарынан 24 студент интернет-олимпиаданың жеңімпаздары атанды, 207 студент жүлдегерлер деп жарияланды.
Олимпиаданы өткізудің мақсаты – жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ оларды демократиялық сайлау процесінің негіздерімен таныстыру болып табылады.
Саяси ғылымдарының докторы,
Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры
А.Т. Мұхамбедьярова