ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: "Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында энергетика саласын институционалдық дамыту"

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ:


28.12.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылғы 26 желтоқсанда «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ-да қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында энергетика саласын институционалдық дамытуды талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің, «Самұрық-Энерго» АҚ, KEGOC, Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығының, «Электр энергиясы және қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ (КОРЭМ), ЦДИАӨМ телекоммуникация саласын дамыту мәселелерін қарау жөніндегі байланыс операторлары кеңесінің, «Ғылым қоры» АҚ, «ҚР инженер-энергетиктер одағы» ЗТБ, «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ өкілдері қатысты.

Отырыс басталар алдында салтанатты жағдайда қазақстандық электр энергетикалық қауымдастықтың АЭжБУ қызметкерлеріне марапаттар табысталды:

1. Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы –Сауле Саветовна Сагинтаева;

2. Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы – Виктор Иванович Дмитриченко.

АЭжБУ-дың жекелеген қызметкерлері де «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының құрмет грамотасымен» марапатталды:

  1. Кабдушев Булат Жоламанович;
  2. Бектимиров Анур Талгатович;
  3. Курпенов Бахыт Касимович;
  4. Абдурахманов Абдугани Абдужалилович;
  5. Ибраева Лидия Куандыковна.

Отырыста энергетика саласының қазіргі жағдайы мен проблемалары, энергетиканың қазіргі заманғы технологиялары мен тұрақты даму трендтері талқыланды, сондай-ақ АЭжБУ Энергетика және байланыс ҒЗИ құру жобасы ұсынылды. АЭжБУ Энергетика және байланыс ҒЗИ негізгі мақсаты энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық салаларды дамытудың өзекті мәселелерін шешу үшін құзыреттілік орталығын құру болып табылады. ҒЗИ құру туралы ұсынысты дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары қолдады.

Қорытынды сөзінде АЭжБУ ректоры энергетика саласының ағымдағы жай-күйінің өзекті мәселелері көтерілген Дөңгелек үстелдің табысты жұмысын атап өтті, сондай-ақ университеттің ғылым мен инновация мәселелеріндегі ерекше шоғырландырушы рөліне назар аударды.

ENERGO UNIVERSITY