AUES International Aerospace Competition (AIAC) I Халықаралық форумының өткізілгені туралы хабарлайды

AUES International Aerospace Competition (AIAC) I Халықаралық форумының өткізілгені туралы хабарлайды

31.03.2023 Барлық жаңалықтар


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ҚР Ғылым қызметкерлері күніне, халықаралық адамның ғарышқа ұшу күніне байланысты «Aues International Aerospace Competition (AIAC)» I Халықаралық форумының өткізілгені туралы хабарлайды.

Халықаралық форумның мақсаты ғалымдарға, тәжірибешілерге, коммерциялық ұйымдардың өкілдеріне, кәсіпкерлерге және билік органдарының өкілдеріне ғарыш техникасы мен технологиялары, телекоммуникациялар, IT-технологиялар теориясы мен практикасы бойынша еркін ақпарат және пікір алмасу мүмкіндігін беру, сондай-ақ өнеркәсіптің базалық салалары мен қызмет көрсету салалары (тау-кен, мұнай-газ, металлургия, электр энергетикасы, телеком, автомобиль, теміржол және авиациялық көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы, туризм және т.б.) үшін ғарыш техникасы мен технологияларын талқылау және қолданбалы шешімдерін қарастыру.

Форумға қатысуға ғарышты игеру саласындағы жаңа тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға бағытталған қазақстандық және шетелдік ғалымдар, бейінді ҒЗИ, ғылыми және жобалау институттарының, білім беру мекемелері мен ұйымдарының өкілдері, инвесторлар, ғарыш техникасы мен технологияларын өндірушілер мен әзірлеушілер, сарапшылар, кәсіби қоғамдық бірлестіктердің, спин-оф-компаниялар мен старт-ап-студиялардың басшылары, оқушылар, студенттер мен магистранттар шақырылады.

Форум аясында келесі мәселелер қамтылатын болады: аппараттық-бағдарламалық құралдар, аспаптар және ғарыш техникасының компоненттері; Жерді қашықтықтан зондтау әдістері мен технологиялары; алыс және жақын ғарышты зерттеудің ғылыми және эксперименттік базасын дамыту; зымырандық технологиялар мен жерүсті инфрақұрылымын дамыту. Сондай-ақ, форум жұмысына оқушылар, студенттер мен магистранттар қатысады, олар ғарыш технологиялары тақырыбы бойынша жобалық жұмыстарын ұсынады.

Өткізу мерзімі: 2023 жылдың 7-8 сәуірі

Өтетін орны: Алматы қаласы, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Байтұрсынов көшесі 126/1.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Өткізу түрі: оффлайн, онлайн (YouTube-те тікелей эфирмен Zoom арқылы)

Форумға қатысу тегін.

Форум бағдарламасы: https://aues.edu.kz/admin/web/uploads/personal-documents/1680262969_kQcrgy.pdf

Халықаралық форумды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұйымдастыру комитетіне iset@aues.kz электрондық мекенжайы немесе +77072121800 (Арман), +77057641878 (Еңлік) телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.