12.04.2023 Барлық жаңалықтар
Ағымдағы жылдың сәуір айының бірінші аптасында ERASMUS + бағдарламасының АЭжБУ Жобасын басқару командасы Жилина (Словакия) университетінде өткен ) «Информатика саласындағы PhD докторанттары мен жас зерттеушілерінің озық орталығы» ACESYRI жобасының еуропалық және қазақстандық әріптес-университеттерінің үйлестіру кездесуіне қатысты (reg.no. 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP) (Project Management Team) (https://ic.aues.kz/ru/site/project?id=7) .
«Менеджмент және информатика» факультетінің деканы, prof. Ing. Emil Kršák., жоба үйлестірушілері проф. Елена Зайцева және Виталий Левашенко жобаға қатысушыларға құттықтау сөзін жолдады. Университеттер жұмыс пакеттері бойынша есептер ұсынды, жобаның сапасын қамтамасыз ету критерийлеріне сәйкес өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін талқылады. АЭжБУ командасы – «жоба нәтижелерін тарату» WP6 пакетінің көшбасшысы, жобаның барлық командалары үшін «Жоба нәтижелерін тарату стратегиясын және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды» әзірледі және ұсынды. Кездесу барысында жоба бойынша барлық жұмыс пакеттері талқыланды (P2, P3, P4, P5, P7). Баяндамашылар - жоба пакеттерінің жауапты көшбасшылары. Жилина университетінің FRI зертханасындағы командалардың қатысушылары ACESYRI порталының функционалын пайдалану бойынша екі күндік тренингтен өтті.
Барлық ұжымдар есепті кезеңде жүргізілген жұмыстар туралы әрбір жұмыс пакеті бойынша баяндап, сұрақ-жауап сессияларына қатысты. Талқылау барысында порталды дамыту, Университеттердің ынтымақтастығын және серіктестігін тереңдету, жобаның нәтижелері мен жетістіктерін тарату және тану, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық жобаның жұмыс пакеттерін іске асырудағы сапа мен мониторинг процестерін, рәсімдері мен ықтимал тәуекелдерін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылды.