27.04.2023 Барлық жаңалықтар
2023 жылдың 26 сәуірінде университетте "Total Eren Central Asia" компаниясының Вице-президенті Тьерри Плезан мырзамен кездесу өтті.
Плезан мырза Франция мен Қазақстанның "Total Eren Central Asia" компаниясының қуаты 1 ГВт дейінгі жел электр станциясын салу жобасын дамыту жөніндегі үкіметаралық келісім туралы айтып берді. Ол сондай-ақ энергетика саласының жасыл генерация бағытындағы құрылымының өзгеруі ЖЭС, СЭС станцияларының жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу және баламалы энергетика объектілерінің өзге де мамандары бөлігінде білікті кадрлардың өткір тапшылығын анықтағанын атап өтті. Осыған байланысты "Total Eren СА" компаниясы Францияның ҚР Елшілігінің қолдауымен Қазақстанның техникалық университеттерімен Құзыреттілік орталықтарын құру және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламаларын қолдау үшін ынтымақтастықты дамытуға ниетті.