«АВТОМАТТАНДУРЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ»: Түлектер өздерінің практикалық тәжірибесімен бөлісуде

«АВТОМАТТАНДУРЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ»: Түлектер өздерінің практикалық тәжірибесімен бөлісуде

05.05.2023 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы үшін өз түлектерімен байланыс ең маңызды бағыт болып табылады.

          Өз түлектерінің көмегімен «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы (2017 жылға дейін «Инженерная кибернетика») мемлекеттің барлық өңіріндегі өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес саласындағы автоматтандыруға қатысы бар компаниялар мен кәсіпорындармен байланысын ұлғайтуда.

          Қазіргі таңда кафедра түлектерінің көбісі өз фирмаларын құрды немесе Қазақстанның барлық жеріндегі ауқымды компанияларда басшы лауазымына ие болып отыр. Қазіргі автоматшы – студенттерге бұл тек жоғары сапалы өндірістік, диплом алдындағы тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар іс жүзінде кейін жұмысқа орналасуға кепілдік береді.

          Студенттердің қазіргі буыны өткен жылдардағы түлектерімен кездесу өте маңызды, себебі олар өз тәжрибелерін мысалға ала отырып университетте алған білімдерін практика жүзінде қолданғандарын айтады. Дәл осындай кездесулер осы аптада АЭжБУ «Автоматтандыру және басқару» білім бағдарламасы бойынша оқыйтын  қазақ және орыс бөлімі студенттерінде өткізілді. Кездесу онлайн-форматта өткізілді, себебі қатысушылар тек Қазақстанда ғана емес, тіпті – Африкада да еңбек етіп жүр. 

Студенттердің қазіргі буынымен АЭжБУ «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2012 жылғы түлектері өз тәжірибелерімен бөлісті:

-Бекзат Мусалимов  «Қаратау» ЖШС уран өндіруші компаниясында үрдістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері – ҮБАЖ қызметінің инженері болып жұмыс атқарады;

Максат Лукпанов - «Қаражанбасмұнай» мұнай өндіруші компаниясының ҮБАЖ инженері;

Айшолпан  Тазабекова – автоматтандыру жүйелерінің жобалау және техникалық қызмет көрсету саласындағы маман, 60 елде энергетика саласында жұмыс істейтін, әлемдегі жетекші консалтингтік және инжинирингтік компанияларының бірі - WoodKSS өлшеу құралының және автоматикасының бас инженері;

-  Нурсултан Кзылбаев – Total әлемге әйгілі француз мұнай-газ компаниясындағы қазақстандық бөліміндегі Total Eren Services Services Kazakhstan мұнай-газ компаниясының операциялық менеджері;

Баубек Салтанов  CMI Offshore Group компаниясында электротехника бойынша – суперинтендант;

          Олардың барлғы әртүрлі жерде еңбек етуде. Бекзат Мусалимов Түркістан облысынан байланысқа шықты. Максат Лукпанов – Маңғыстау, Айшолпан Тазабекова – Атырау, Нурсултан Кзылбаев – Қызылордада. Ал Баубек Сатанов Африкадағы - Сенегалдың астанасы Дакарда бола тұрып онлайн-кездесуге қатысты.

Олардың әрқайсысы өздерінің еңбек қызметі және практика жүзінде қандай пәндердің не үшін керек болатыны жайында айтып берді. Студенттер әрине, өз сұрақтарына жауаптарын алды.

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының аға буын түлектері – Азамат Курмашев пен Самат Бекмагамбетовтар шетте қалып қоймады. Олар біздің ЖОО 1997 жылы – яғни 25 жыл бұрын бітірген.  Қазір – олар Атырау қаласында тұрады және жұмыс істейді. Азамат Құрмашев – Қазақстанда ғана емес шетелде – Біріккен Араб Әмірлігінде автоматтандыру саласында жұмыс істейтін компанияның негізін қалаушы және бас директоры. Самат Бекмагамбетов қазір басқа салада еңбек етуде, бірақ ол кездесу барысында студеттердің қазіргі ұрпағы университетте инженерлік пәндерден алған білімдерін әртүрлі салада жүзеге асыра алатынын атап өтті.

Жалпы өткізілген кездесулерге келетін болсақ, олар  «Автоматтандыру және басқару» - әмбебап мамандық екенін тағыда көрсетті. Ол кезкелген жерде және адамзаттың кезкелген қызметінде сұранысқа ие.

Жылу энергетика және басқару жүйелері институты